СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 20 жыл бойы Қазақстанды әлемге танытудамыз

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

ALASHA қант салғышы

Артикул: Alash-SgB260ml
24 000 ₸    30 000 ₸ Қоржынға

    • ALASHA топтамасы - шығыстың шырайлы бояуымен әрленген ежелгі символдар.
    • Бұл топтама - дәстүрлі алаша кілемінен шабыттанған дизайнерлердің тың туындысы. Геометриялық өрнектер мен қанық түстерден қиюластырылған бірегей паттерн - ғасырлар тереңінен сыр ақтарған асыл мұраның жаңғырығы іспетті. Мұндағы өрнектер мен түстер кездейсоқ емес: олардың әрқайсысы терең мән-мағынаға ие. Мысалы, кілемнің жиегіндегі кең жолақ - жолдың, өзеннің баламасы. Ол әдетте ашық жол, ұзақ ғұмыр мен ұрпақ жалғастығының көрінісі. Ал қанық түстер құт-береке, молшылықты тұспалдайды. Осындай дәстүрлі ақ тілектер ALASHA топтамасының эстетикалық негізін қалайды.
    • Ежелден қолданыста келе жатқан дәстүрлі "қошқар мүйіз" оюы топтама дизайнының өрнегіне әдемі үйлесіп, күш-қуат пен игіліктің, тұрақтылықтың нышаны саналады.
    • ALASHA топтамасының әр бұйымы ортаңызға Ұлы дала ырғағына тербелген тарих тынысы мен ежелгі символдардың қуатын сыйлайды.

Топтама Алаша
МатериалыPremium Porcelain кәрлені, алтын деколь, табиғи минералды бояулар.
Өлшемі260 мл.

Дүкендерде қолжетімділік