ИМПЕРИЯ ПОДАРКОВ.
20 лет визитная карточка Казахстана

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 20 жыл бойы Қазақстанды әлемге танытудамыз

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Дастархан панносы

Артикул: ToiCrm/KZ
23 920 ₸    29 900 ₸ Қоржынға KASPI

    • Мейірім мен ізгілікке толы ата тілеуі, әже алақаны, әке өсиеті әрі бесіктегі ана әлдиі - кішкенеден жанымызды жылулықпен қымтап, көңілімізге шұғылалы сәуле түсірді. Әрбіріміздің асыр салып ойнап, кешкісін ата-әже құшағында талықсып ұйықтаған сәтіміздің сипаты секілді көңіл сарайында жаңғырып қалған құдіретті бір сөзбар. Ол - Айналайын...
    • "Айналайынды" естігенде баршамыз еріксіз балалық мекенге сапар шегеміз, киелі ошақтың жылуына табанымызды төсеп, отбасы мейіріміне бөленген аса ыстық шақты еске түсіреміз. "Айналайын" - cіздің жан-дүниеңіздегі тазалықтың кескіні ғана емес, балалық іңкәрліктің естелігі. Қазақ халқы өзінің отбасы құндылығында перзентін жөргек демінен бастап айрықша ықыласпен маңдайынан өпкен, құшырлана иіскеген, оған бар ықыласын аударып, "айналайын" деп еміренген.
    • "Айналайын" топтамасынан керамикадан жасалған, жарқын түсті эмальмен боялып, алтынмен өрнектелген "Дастарханы" сәндік панносы жүрегіңізге тазалық ұялатып, көңіл-күйіңізге шаттық сыйлайды, балалық шақтағы балғын ертегі әлемінің сиқырына бөлейді.
    • Панно өнер әлемінде "ГаБо" атауымен танымал егіз сыңарлы апалы-сіңлілі Ғалия мен Балқия (Бота) Құсаиновалардың шығармасы желісінде жасалған.

Топтама Айналайын
МатериалыКерамика, түрлі-түсті эмаль, алтын деколь.
Өлшемі290*290 мм.
ҚаптамаСыйлық қаптама.

Дүкендерде қолжетімділік

Топтама

Айналайын

Балалық шақ естеліктер елінің сиқырлы есігі іспетті адам жанының ең нәзік жіптерін қозғайтын романтикалық хикая.

Посмотреть

Ұсыныстар