СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы
Empire – өзіндік стилін қалыптастырған бірегей бренд, ол бұйымдардың ерекше әсемдігімен, суретшілердің авторлық қолтаңбасымен, ою-өрнектің нәзік тілімен және бұйымның әр бөлшегінде тарихи шынайылықты мұқият ұстанумен жеңіл танылады.
Empire халықтың тарихи мұрасына және мәдени құндылықтарына құрметпен қарайды және сол байлықтың бір түйірін өз бұйымдарында сақтау қажет деп санайды, себебі ол кез келген елдің жоғары ұлттық өнерінің үлгісі болып табылады.
Empire брендінің өнімдері – өз халқының дәстүрін қадірлейтін заманауи адамға арналған. Тарихи құндылықтарға толы бұйымдар өмірді әсемдікке, инновацияларға толтырады, сонымен қатар ғасырлар тереңінен жеткен ата-баба мұрасын болашаққа аманат етіп қалдырады.
Брендтің таңбасы - заманауи көркемөнер стиліндегі қанатты барыстың бейнесі - бірегейлігі мен ерекшелігімен кеңінен танымал. Бұл ежелгі мәдениетіміздің, тарихымыздың, өнеріміз бен дәстүріміздің заманауи Қазақстанның үздік үрдістерімен жіті байланысының көрінісі, еліміздің жасампаз болашаққа деген ұмтылысының нышаны.
Қазақстан мен Орталық Азияның мәдениеті мен өнерінің шынайы құндылықтарын бейнелейтін Empire сыйлық топтамалары өнерді нағыз бағалаушылардың үлкен сенімі мен ілтипатына ие. Брендтің басты мәтіні «From the heart of Eurasia with Love» - «Еуразия жүрегінен шынайы сезіммен» осыны айқындайды.
Әр топтама — дарынды дизайнерлер мен суретшілер, зерттеушілер мен тарихшылар тобының бірлескен еңбегінің жемісі, себебі басты талап - тарихи тұлғалардың бейнелерінен бастап, ою-өрнектің терең мәнділігіне дейін, әр нәрсенің тарихи шынайылығын сақтау.
EMPIRE БҮГІНДЕ:
Бірегейлік, инновациялар және жоғарғы сапа - Empire брендінің іргетасты құндылықтары.
Бірегейлік - өнер бұйымдарының, сыйлықтар мен аксессуарлардың эксклюзивті дизайны арқылы түрлі халықтардың ұлттық ерекшеліктері мен мәдени құндылықтарының көрінісі. Әр топтама – тарихи мұра мен заманауи технологиялардың көркем үйлесімі, уақыт ағымынан биік саналатын өнер туындысы. Сондықтан кез-келген ұрпақ өкілі өз талғамына сай сыйлық таңдай алады.
Инновациялар - әр топтаманы әзірлеудің ажырамас бөлігі. Тарихи деректер мен музей жәдігерлерін, халық әдебиеті мен тұрмыс-тіршілігін терең зерттеумен қатар, компания өндірістің заманауи тәсілдерін, сәнді материалдар мен технологиялық жаңалықтарға мұқият назар аударады. Соның арқасында біздің топтамаларымыз көркемдігімен қатар фунционалдығымен де ерекшеленеді.
Сапа — бұл Empire бренді жеңісінің басты құпияларының бірі. Біздің өнім Италияның, Швейцарияның, Германияның және Оңтүстік-Шығыс Азияның үздік мануфактуралары мен фабрикаларында шығарылады. Біз өндіріс барысында технологиялық ерекшеліктеге зейін сала отырып, материалдарды ұқыпты таңдауға және қай топтаманы қай елде жасап шығаруға аса қатты көңіл аударамыз. Бұйымдардың жоғары сапасы оларды керемет сыйлық ретінде ұсынуға, сондай-ақ сыйлықты отбасылық жәдігер ретінде сақтауға мүмкіндік береді.
«Өз бизнесімізде біз пионерміз: тұрақту өсуге ұмтылу мен есепті тәуекелге бару мүмкіндігі арасындағы табысқа қажетті теңгерімді сақтай отырып, біз бірден әрекет ете аламыз. Мінсіздікке ұмтылу қасиеті қызметіміздің барлық салаларын қамтиды: зерттеулер мен жобалаудан бастап, заманауи өндіріске дейін, клиенттермен қарым-қатынас құраудан бастап, жаһандық маркетингке дейін. Мен өзім жасаған ісімді жұмыс деп атамас едім, шын мәнінде ол мен үшін уақытты жайлы өткізу деп білемін. Менің бойымдағы қасиеттердің бәрі осы жобаның табысына бағытталған. Сұлулық пен бірегейлікке деген бір кездері басталған құштарлығым - өзім сүйсініп көретін бұйымдарды жасауға бастау берді. Мен бар нәрседе мінсіздікке ұмтыламын, керемет нәрсе жасағанымды сезіну – мен үшін бақыт».
Вольдемар Айфельд,
Empire брендінің негізін қалаушы
Вольдемар Айфельд – бірегей авторлық топтамаларды жасау және түрлі мемлекеттердің корпорациялары мен үкіметтерінің жеке тапсырыстарын орындау арқылы, сыйлықтар индустриясы, зергерлік бұйымдар, бизнес аксессуарлары тәрізді салаларда бизнес-жобаларын белсенді арттырып келе жатқан атақты кәсіпкер.
Кәсіпкерлік қызметін студенттік шағында бастаған Вольдемар, өзін түрлі салаларда байқап көрді: Орталық Азия мен Скандинавия елдері арасындағы экспорт-импорт мәмілелерінен бастап, Орталық Еуропадағы антиквар мен галерея бизнесіне дейін.
Арт-менеджер саласында Еуропада бірегей жұмыс тәжірибесінен өтіп, Вольдемар екі мыңыншы жылдардың басында сыйлық және кәдесый бизнесін тұрғызу идеясымен отанына оралды, ол кездері аталған бизнес енді өне бастаған деңгейде еді. Басында ол кішігірім компанияның негізін құрды, алайда ол компания қысқа мерзімде-ақ Орталық Азиядағы жарнама-кәдесый өнімін үздік орындаушы және жеткізуші мәртебесіне ие болды. Кейін интернационалды дизайн-студия құрылды, Empire бренді дәл содан бастау алды. Түрлі халықтардың талғамды өнерін, тарихы мен мәдениетін бағалайтын Вольдемар Empire брендін эксклюзивті сыйлықтардың, аксессуарлар мен жүлделі тауарлардың ірі халықаралық өндіруші, жеткізушісі әрі дистрибьюторы деңгейіне дейін өсірді.
Жаңа шедеврлер Empire брендінің қол сағаттар топтамасын толықтырды. Брендтің мойындалған стилі – Қазақстанның тарихы мен мәдениетімен байланысты ұлттық ою-өрнектің қол сағаттардың дәстүрлі дизайнымен үйлесімінде.
«Ақсауыт» эксклюзивті шахматы ұсынылады. Шахмат мүсіншелері стильденген қазақ жауынгерлері мен қолбасшыларын бейнелейді, олардың киімдері мен қару-жарақтары аса дәл әрі тарихи шынайылықпен жасалған.
"Shapagat" шай сервизінің шектеулі тиражы шығарылды. Ата-бабамыздан қалған мәдени мұраның сананы таң қалдыратын алуан түрлі ою-өрнегі Empire дизайнерлерінің авторлық өңдеуінде қайта жаңғырып, сервиздің басты тақырыбына айналды.
Жеке панно өндірісі іске қосылды. Әр бұйым аса жоғары шеберлікпен орындалып, Таңданыс, Махаббат, Құрмет – тәрізді үздік адами сезімдерді білдіретін ғажайыптың әлемін көрсетіп, қайталанбас хиқаяны баяндайды.
“ҒАСЫРЛАР МҰРАСЫ. Қазақи әдеп” бірегей басылымы ұсынылды. EMPIRE бренді мен атақты қазақстандық жазушы Бақыт Қайырбековтың бірлескен жобасы. Таралымы шектеулі басылым — тамырымен көне дәуірге - Ұлы даланың көшпенділер әлеміне - бойлайтын, әрі барлық түркітілдес халықтардың мәдениетінен тыс бола алмайтын, қазақи әдепті энциклопедиялық зерттеу бойынша үлкен еңбектің бір бөлігі болып табылады.
Жаңа жібек туындылар - "Қарлығаш" пен "Жұмақ ағашы" бас орамалдары ұсынылды. Алуан түрлі түстік шешімдерде орындалған әр бас орамал көптүсті нәзік ою-өрнек пен киелі белгілер арқылы өзінің қайталанбас аңызын жырлады.
"Қазақтар" кәрлен топтамасы - бренд бестселлерінің салтанатты оралуы. Бұл топтама - дизайн-студияның қазақстандық суретші Нэли Бубэмен бірлескен шығармашылығының жемісі. Топтаманың лейтмотиві - қазақтардың бай көшпенді мәдениетінің мұрасы: салт-дәстүрі, ұлттық киімі, тұрмыстық бұйымдары, онымен қатар көне қалалары мен петроглифтері болды.
Empire брендінің жаңа туындылары классикалық қол сағаттардың шектеулі топтамасын толықтырды. "Қазақстан" қол сағаты "эксклюзив" ұғымына толық сәйкестікте және швейцариялық мануфактурада жасалды. Брендтің мойындалған стилі - Қазақстанның тарихымен және мәдениетімен байланысты ұлттық нақыштар - сағаттың дәстүрлі классикалық дизайнымен үйлесімі саналады.
Премиум санаттағы «Imperial» интерьерлік топтама ұсынылды. Топтама қазіргі заманға лайықталған императорлық нақышта жасалып, талғамды сән-салтанатты білдіреді. Топтама сақ дәуіріндегі аң мәнеріндегі жануарлардың бейнелерімен суреттелген. Топтамаға кірген жаңа бұйымдар намысқой бүркіт пен бекзат барыс бейнелерінде ұсынылған.
Ежелгі зергерлердің ғажайып дәстүрлерін ұстанған Empire бренді "Қазына" атты жібек орамалдардың топтамасын құрды. Топтамаға 3 авторлық орамал кірді: "Тұмар", "Зергер" мен "Өнержиек". Орамалдың әр қайсысы өз алдына көне шеберлердің құнсыз мұраларының айрықша сұлулығын паш етеді. Ал шеберлердің ғасырлар бұрын жасаған өнері әлі күнге дейін сұлулығына тамсандырады.
Біздің дизайн-студияның L'EPEE сағат индустриясының әлемдік брендімен және Швейцарияда көптеген көркемдік және микро-инжинирингтік зертханалық жүлделермен марапатталған, әйгілі MB&F дизайн-студиясымен бірлескен бірінші жобасы жүзеге асты. «Time of the Universe» бірлескен жобаның негізіне галактикааралық қатынастың ғарыштық кемесінің пішінің қайталайтын, бірегей Starfleet Machine үстел үстілік сағаты алынды. Сағат бетіндегі футуристік дизайн мен өрнекті оюдың үйлесімі мен аса күрделі сағат механизмі бұл сағатты нағыз өнер туындысы деңгейіне көтереді.
Орталық Азияның нарығына Reuge сән-салтанат бұйымдарының швейцаяриылық брендімен бірлескен музыкалық аспаптардың бірегей топтамасы ұсынылды. Коллекция жиюшының арнайы тапсырысымен, ұлттық әуендердің үзінділерін дыбыстайтын бірегей механизмі орнатылған, шынайы домбыраның толық көлемді, әлемдегі жалғыз көшірмесі жасалды. Аспаптың корпусы Альпы тауының етігінде өсетін бағалы тұқымды ағаштан жасалған. Сәндік ендірмелері күмістен орнатылған, алтынмен жабылып, гауһар тастармен сәнделген.
Татарстан Республикасының арнайы тапсырысы бойынша премиум санаттағы сыйлықтар мен бұйымдардың топтамасы әзірленіп, шығарылды.
Премиум санаттағы "Жерұйық" интерьерлік топтамасы ұсынылды. Шығыс ою-өрнегінің бөлшектеріне акцент жасау арқылы, топтама классикалық салтанатты нақышты жаңадан ұғындырады. Топтама күміс және алтын түстерде жасалған, сол себепті кез келген интерьер мен стильдік талғамдарға сай келеді.
Ханымдар бұйымдарының қатары "Лейла" атты көктем топтамасымен толықты. Қайталанбас суреттің негізінде патша бақтарында өсірілген, жаңарудың, көктемнің, сұлулық пен махаббаттың нышанына айналған, таңғажайып қызғалдақ гүлі. Білезік - қол сағат топтаманың ажарын аша түсті.
Ханымдарға арналған сыйлықтардың "Зеңгірлік" жаздық топтамасы ұсынылды. Топтаманың қатарына әйелдерге арналған сәндік бұйымдардан өзге, бизнес бұйымдар да кірді. Бұл топтаманың жасалуына бейқұт аспанның көкшіл түсі мен теңіз толқынындағы күн сәулелері шабыт берді.
Қатарына әйелдерге арналған сәндік бұйымдардан өзге, бизнес бұйымдар кірген "Тауыс" топтамасы ұсынылды. Бұл бірегей авторлық нақыштаудың негізі мәңгілік пен махаббатты білдіретін ғажайып тауыс құсының әдемі қауырсыны болып табылады.
Орталық Азия мен Таяу Шығыс нарығына негізіне стильді гүлді және геометриялық мақамдар қаланған, әйелдердің сәндік бұйымдарының тұңғыш топтамасы ұсынылды. Бұл топтама қазір де сатылым бестселлері болып қалуда.
Атағы әлемге әйгілі Boegli сағат индустриясының швейцарлық брендімен бірлесіп классикалық үлгідегі, оюля өрнектермен әсем сәнделген, эксклюзивті қалта сағаты жасалды. Бұл бірегей сағаттар ұлттық әуендердің үзінділерін дыбыстайтын, әлемдегі ең кішкентай музыкалық механизммен жабдықталған. Таралымы шектеулі топтама.
Шығыстың өрнекті дәстүрі мен сүйекті кәрленнің бірегей нәзіктігі керемет үйлескен, таралымы шектеулі, авторлық кәрлен топтамасы шығарылды.
Жүлделі сыйлықтардың қатары ойын жиынтықтарымен толықты. Нарды салуға арналған ағаш кейіс пен покер жиынтығы қайталанбас ою-өрнегі мен Swarowski кристалдары бар металл тілімшелермен сәнделген.
Атақты италиялық Renzo Romagnoli брендімен бірлесіп жоғары сапалы табиғи былғарыдан бірегей дизайндағы бизнес жиынтықтардың таралымы шектеулі топтамасы жасалды.
«Pen World» беделді журналының мәліметтері бойынша, Empire компаниясы жазу аспаптарының Visconti әйгілі брендімен бірлесіп жасаған "Алтын адам" қаламы Еуропадағы үздік жазу аспабы болып мойындалған. Қалам 750 сынамалы алтыннан, жалпы салмағы 3,2 карат 330 гауһар тастан жасалған.
Гонгкокта (Қытай) ресми өкілдіктің ашылуы.
EMPIRE брендінің өнімдеріне "Мінсіз-2011" Халықтық Сапа Белгісі берілді. Күн сәулесіне аса төзімді, арнайы табиғи бояуларды қолдану бірегей технологиясы бойынша Италияның үздік жібек тоқу фабрикаларында тігілген, жібек орамалдардың жаңа топтамасы ұсынылды. Трафаретті және цифрлы баспаның күрделі техникасы қолданылды.
Қолмен сәндеу және алтын жалату бірегей техникасын қолдану арқылы, арабтық кәрлен топтамасы шығарылды.
БАӘ-нің нарығында "Арабеска" жол бұйымдарының былғары топтамасы ұсынылды. Араб нақышындағы бірегей бұйымдарды жоғары дәрежелі италиялық шеберлер жоғары сапалы былғарыдан жасап шығарды. Ұсақ-түйек заттары осы топтама үшін арнайы әзірленді. Арабтың геометриялық өрнегі нақышындағы керемет сурет былғарыны көлемді бедерлеу техникасында орындалған.
Дубайда (БАӘ) ресми өкілдіктің ашылуы.
Заманымыздың атақты суретшісі Клаудио Маццидің қатысуымен және әйгілі италиялық Visconti брендімен бірлесіп, Каспий Саммитінің өтуіне орай жазу аспаптарының шектеулі топтамасы әзірленді. Италия шеберінің қолмен орындалған аэрографиялық жұмыстары табиғи ресурстарды қорғау тақырыбын баяндайды.
Әйгілі италиялық мануфактураларда тігілген, ерлерге арналған жүлделі топтамасы ұсынылды. Топтама ерлерге арналған жібек галстуктар мен бұйымдардың қатарынан тұрады.
Таяу Шығыстағы қонақүй желілерінің арнайы тапсырысымен сәндік табақшалардың қайталанбас жиынтығы жасалды.
Орталық Азияның атақты суретшілерімен бірлесіп бірінші кәрлен топтамасы жасалды. Топтаманың негізінде суретші графикасының үзінділері қаланған, онда автордың сегіз қырлы әрі шексіз қиялы түрлі халықтардың белгілері мен ою-өрнектерін тұтас бір таңғажайып әлемге өріп әкеледі.
Қайталанбас шығыс нақышындағы үстелдік бизнес бұйымдардың бірінші топтамасы жасалды. Көркем дизайн шебер безендірілген Swarowski кристалдарымен үйлесімін тауып, тек Орталық Азияда ғана емес, Таяу Шығыста да мойындалды.
"Аң мәнері" топтамасы жасалды, онда түркі халықтарының артефакт элементтері дәл көрсетілді. Топтаманың сәтті шығуы - компанияның жаңа даму кезеңінің басталуына және бірегей Empire брендінің құрылуына себепші болды.
Компанияның визит карточкасына айналған "Империялар шайқасы" тұңғыш авторлық шахматтары жасалды. Шахматтардың әр көрінісі терең ойластырылды, ортағасырлық шайқастардың рухын баяндайтын бөлшектерге ерекше назар аударылды. Авторлық сұлбаларды жасаудан өндірушіден шахматтардың қорытынды нұсқасын алғанға дейін, туындыны шығаруға бір жыл арналды.
Бренд құру бастауларының тамыры сонау екі мыңыншы жылдарға кетеді, ол кездері бәрі банк пен мұнай корпорациялары тәрізді корпоративтік клиенттерге кәдесый өнімдерін жеткізу бойынша кіші кәсіпорыннан басталған еді. Уақыт өте келе клиенттердің талап-тілектерін ұғынып және сыйлықтар нарығын мұқият зерттеп, ұлттық нақыштағы тұңғыш авторлық топтама жасалды, оның негізіне түркі халықтарының археологиялық ескерткіштерінің элементтері енді. Топтама орасан зор табысқа бөленді, сол сәт аталған саладағы бірегей және жалғыз бренд құрылуының жаңа кезеңінің бастауы болды.
2007 жылы премиум және люкс санатындағы бірегей сыйлықтардың, ішкі безендіру бұйымдары мен аксессуарлардың тұтас индустриясы құрылды. Empire бренді сән үрдісінің үлгілерін шығарушы және «сыйлықтар патшасы» аталып, дүниежүзілік нарықта Қазақстанның нағыз визит карточкасы бола білді. Тарихи деректерді, сәулетті, өнердің, тұрмыстың, салт-дәстүрдің көркем туындыларын зерттеу – жаңа топтама жасар алдындағы әр дизайнердің жұмысының ажырамас бөлігі. Сол себепті, түрлі халықтардың әсемдігі мен тарихын шеберлікпен бейнелеген дизайнерлердің бұйымдары, Орталық Азиядан тыс жерлерде назар аудартқаны және бүкіл әлемде танымал болғаны таңқаларлық емес.
Қайталанбас араб нақышында бірегей топтама жасау мақсатымен, 2010 жылы бірінші халықаралық жоба іске асырылды, компания өзінің географиясын кеңейтіп, Парсы шығанағы елдерінің басым көпшілігіне, Ресей мен Қытайға қайталанбас кәдесыйлар топтамасын жасауды бастады. Бүгінгі күні Empire өкілдіктері Таяу Шығыста, Гонгконгта және Ресейде ашылды. Біздің серіктестеріміздің арасында Reuge, Montegrappa, Alfredo Beretta, Boegli, Tardini, Zancan тәрізді танымал сауда белгілері мен өндірушілер бар.
Empire брендінің өнімдері көптеген заманауи қаржы мекемелерінің, мұнай және газ компанияларының, Орталық Азияның, Ресей мен БАӘ елшіліктерінің, дипломатиялық және сауда өкілдіктерінің имиджін құруда ұтымды шешім ретінде мойындалған. Empire кәдесыйлары мен сыйлықтарын бүкіл дүниежүзіндегі атақты саясаткерлердің, селебрити мен бизнесмендердің үйлерінде және жеке топтамаларында кездестіруге болады.