СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы
Ізгі жаны жібектей жұмсақ келешек қалыңдықтың, шаңырағының шамын жағар болашақ аяулы жардың жан әлемін жарылқап, құдіретті күшке ие бойтұмармен қорған болыңыз. Киелі бойтұмар жас жұбайларды бәле-жаладан сақтап, жас отаудың жаңа өміріне бақыт пен шаттық, қуаныш пен бақ-береке дарытсын!
«Береке» – қазақ халқының төл дүниетанымында аса құнды ұғым. Асылында, көпшілік өз тілеуіне қосатын «Бақ-береке дарысын!», «Берекелі шаңырақ болсын!» ұғымдарының мән-маңызы терең, яғни киелі босағаны жаңа аттаған келіннің от басы, ошақ қасындағы ғұмыры мағыналы болсын деген тілекке саяды. Сіз де қызыңыздың ендігі ғұмырына жақсылық тілеп, жас отауға «Бақ-береке сыйлаңыз!»
Сіздің шаңырағыңыздан қанат қаққалы отырған ханшайымыңыздың айшықты жасауында қыз-ғұмырдың бар кереметі жинақталған. Жиынтықтың әрбір бөлігі қызыңыздың өнегелі әулеттен шыққанын айғақтап, жас отаудың сәнін кіргізеді, үйін сәулетке толтырады. Сонымен қатар, «Ханшайым» жасауы жаңа өмірдегі бақ-берекенің бастауына айналып, қуаныш пен бақыттың сұлулығына сән қосады. Уақыт өткен сайын мәдени маңызы артып, баға жетпес мұраға айналады.
Халқымыз қыз баласын ерекше құрметтеп, «еркем» деп жақсы көреді. "Қыз - қонақ" деп мәпелеп, аялы алақанында ұстап, барлық махаббатын төгіп өсіреді. Осындай жылы көңілден көктеген ізгі сезімді танытар «Ерке» жасауы да тойға деген таптырмас сый болады.
Халқымыз бақыт ұғымына ерекше мән берген. Кез-келген ата-ана перзентінің бақытты болған тілеп, оның құрған жаңа отауының шаңырағы биік, керегесі кең болғанын қалайды. Аяулы қызының бақыттан бал-бұл жанып жүргенін көруді жан-тәнімен тілейді.