Кәдесый жасалатын материалына қарамастан нәзік күтім керек етеді. Кәдесыйларды жаққыштың немесе жұмсақ ысқыштың көмегімен сүрткен дұрыс.
Кәдесый тазалау барысында тұрмыстық ағартқыштар мен қырнағыш қылшақтарды пайдалану түсі мен декоративті элементтерінің бұзылуына әкеп соғуы мүмкін, сондықтан оларды қолданбаған абзал.
Ыдыс жуатын немесе кіржуғыш машинаға салып жууға тыйым салынған.
Температураның күрт өзгеруі кәдесыйлардың бетінде жарықтың пайда болуына әкелуі мүмкін, сондықтан кәдесыйларды қалыпты температурада ұстаған дұрыс.
Кәрлен ыдыстар мен ас үйдің керек-жарақтарын пайдалану және сақтау ережелері
Кәрленнен жасалған ыдыстар мен ас үй керек-жарақтарын жууға арналған бейтарап құралдармен жаққыштың немесе жұмсақ ысқыштың көмегімен жылы суда қолмен жуу қажет.
Жуылған таза ыдысты жұмсақ мақта сүлгісімен сүртуге кеңес береміз.
Кәрленнен жасалған ыдыстар мен ас үй керек-жарақтарының сәнін күңгірттенуден сақтап қалу үшін оларды тазалау барысында тұрмыстық ағартқыштар мен қырнағыш қылшақтарды пайдаланбаңыз.
Алтын декольмен әрленген бұйымдарды қысқа толқынды пешке (СВЧ) салуға және ыдыс-аяқ жуатын машинада жууға болмайды.
Бұйымдарды температураның күрт өзгеруінен сақтаңыз. Температураның өзгеруі бұйымдардың жарылуына және бұзылуына әкеп соғады.
Ыдыстарды металл бұйымдардың жанасуынан сақтаңыз, олардың жанасуы сызаттар мен дақтардың пайда болуына әкеп соғады.
Хрустальдан жасалған бұйымдарды пайдалану және сақтау ережелері
Хрустальдан жасалған бұйымдарды құрғақ жерде, қораптан шығарып ұстаған абзал. Хрустальды кәрленнен жасалған бұйымдар сияқты тазалайды.
Хрустальдан жасалған ыдыстарды қолданғаннан кейін бірден жуып тастаңыз: тамақ қалдықтарының қышқылын, сірке суын немесе лимон сынды қышқыл тамақтарды т.б. қалдырмаған дұрыс.
Тамақ қалдықтарын пышақ сияқты өткір қатты заттармен қыруға болмайды.
Бұйымдарды температураның күрт өзгеруінен сақтаңыз. Температураның өзгеруі бұйымдардың жарылуына және бұзылуына әкеп соғады.
Хрусталь бетіне түскен кез-келген нәрсені жай сумен тазартуға болады.
Табиғи былғарыдан жасалған аксессуарлар мен басқа бұйымдарды пайдалану және сақтау ережелері
Былғары табиғи материал болғандықтан әрбір бұйымның қайталанбас өзіндік түсі болады. Эксперттер бір түсті былғарының түрлі реңде кездесетінін материалдың табиғи екенінің белгісі ретінде түсіндіреді. Табиғи былғарыдан жасалған аксессуарлар мен басқа бұйымдарды қолданған кезде келесі шарттарды ұстанған жөн:
Табиғи былғарыдан жасалған бұйымдарды сулауға немесе басқа сұйық затқа батыруға болмайды. Су, сабын және мұсатырлы спирттен жасалған ерітіндімен тазартып, бетін жылтырату үшін үпілмәлік майына суланған жұмсақ шүберекпен сүрткен жөн.
Табиғи былғарыдан жасалған бұйымға су тиген жағдайда оны күн сәулесіне немесе қосымша жылумен кептіруге болмайды, өздігінен бөлме температурасында кептірген дұрыс.
Еріткіш, химиялық заттар немесе өзге белсенді қоспаларды қолданбаған жөн.
Пайдалану кезінде көп сүйкеленген жерлерінде із қалуы мүмкін, алайда бұл бұйымның механикалық қасиеттері мен эстетикалық түріне зиян келтірмейді, керісінше бұйымның табиғи материалдан жасалғанын көрсетеді.
Түсінің өзгеруі мен оңып кету қаупінен сақтау үшін табиғи былғарыдан жасалған бұйымдарды пластикалық пакетте, күн сәулесінің астында сақтауға болмайды.
Жібектен жасалған бұйымдарды пайдалану және сақтау ережелері
Жібек матадан жасалған бұйымдарды сабын мен жуғыш ұнтақ қоспай (керек болса тек арнайы сусабын қосып) тек қолмен жуу керек. Жұқа жібек маталар сабын мен жуғыш ұнтақ әсерінен өңін жоғалтып, құрылымы осал болып кетуі мүмкін.
Жібектен жасалған бұйымдарды суға жібітпеген дұрыс.
Жібек матадан жасалған бұйымды жуып болған соң, оны сол температурадағы сумен шайған абзал.
Жібек матадан жасалған бұйымдарды механикалық әсерден сақтаңыз, әсіресе ылғалды күйінде созып, мыжбай ұстағаныңыз дұрыс, тіпті сыққан кезде де ақырын қағып суын кептірген жөн.
Жібек матадан жасалған бұйымдарды тікелей күн сәулесінде немесе жуу машинасының ішінде кептіруге болмайды.
Бұйымның түсін сақтап қалу үшін оны табиғи матадан жасалған, ауа жіберетін қаптамада сақтау керек.
Сағатты пайдалану ережелері, күтім жасау және сақтау
EMPIRE сағаттары судың шашырағанынан, жаңбырдан қорықпайды, оны тағып тұрып, қол жууға болады. Сағатты тағып жүріп жүзуге, сүңгуге, судың астында жүзуге немесе аквалангпен сүңгуге болмайды. Сағат ылғалды болып тұрған кезде оның қуаттау тетігін шығаруға немесе басқару тетігін басуға болмайды.
Сағатты (былғары бауынан өзгесін) үнемі жылы əрі сабынды суға малынған жұмсақ матамен сүртіп тұру ұсынылады.
Өз бетіңізбен корпусты ашуға жəне артқы қақпағын ашуға əрекет жасамаңыз. Су жəне шаң кіруінен қорғайтын резіңке төсем əр 2-3 жыл сайын ауыстырылып тұруы қажет.
Сағатты шектен тыс температуралардың əсеріне қалдырмаңыз;
Егер сағаттың ішкі бөлігіне су кірсе, онда сағаттың күйін дереу түрде тіркелген сервис орталығында тексертіңіз;
Сағатты лақтыруға, құлатуға жол бермеңіз;
Бауды тым қатты тартпаңыз. Білек пен сағат арасында саусақ өтетіндей орын қалуы тиіс;
Сағат құрғақ жерде сақталуы тиіс;
Сағатқа бензин, тазартатын еріткіштер, аэрозольдар, желімді заттар, бояулар түспеуін қадағалаңыз. Аталған материалдармен туындайтын химиялық реакциялар төсемдерді, корпусты жəне сағаттың жылтырлығын бұзуы мүмкін;
Сапфир шынысы аса мықты, алайда сағатты құлатсаңыз немесе соқсаңыз, ол да шытынауы мүмкін;
Сағатты бағалы бұйымдармен бірге сақтаудан аулақ болыңыз, себебі гауһар тастар сапфир шыныны сыруы мүмкін;
Сағатты бөлек, іші жұмсақ матамен тігілген, арнайы қорапшада сақтаған абзал.