СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 20 жыл бойы Қазақстанды әлемге танытудамыз

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Тұмар шай жұбы (1 кісіге)

Артикул: Mug-Tmr
29 900 ₸    Қоржынға KASPI

Шай ішу дәстүрі - ғасырлар бойы Ұлы дала перзенттері қалыптастырған мәдениеттің ажырамас бөлігі саналады. Шай ішу - қаталағанда шөлді басып, ауқаттану ғана емес, құрметті қонақтар мен жора-жолдастарды, туған-туысқандарды бір дастархан басына жинайтын берекелі рәсім. Мұндай сәтке әйелдер жағы айрықша дайындалады, үрмелі көйлек киіп, күмістен шашбау тағынады, жолы, жасы үлкен қонақтарға шайды бірінші ұсынады. Шаңырақты бойлап, аспанды көктеген хош иісті шай буымен тәлімді әңгіме-дүкен өрбіп, ән шырқалады. Шай ішу рәсіміне арналған "Тұмар" топтамасы көшпелі тұрмыстан хабар беретін бөлшектер зерленген заманауи суреттермен безендірілген. Топтама, сөзсіз, жақын адамыңызға немесе жай танысыңызға ұсынуда таптырмайтын теңдессіз сыйлық. Ол сіздің жоғары талғамыңыз бен сыйлық таңдаудағы қабілеттілігіңізді айғақтап қана қоймай, оның тағдыр жолынан қуаныш күтіп, бақ тілейтіндігіңізді аңғартады. Саптыаяқты сыйлап, оның кез келген шай ішу рәсімінің шырайын кіргізетіндігіне сенімді болыңыз!

Топтама Тұмар
Материалы Premium Porcelain кәрлені, алтын деколь, табиғи минералды бояулар.

Дүкендерде қолжетімділік