СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 20 жыл бойы Қазақстанды әлемге танытудамыз

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Silk Way шахматы

Артикул: Chess-SW
849 900 ₸    Қоржынға

    • Silk Way шахматы ежелгі Шығыстың дәулетті сән-салтанатын бейнелейді. Ойын тақтасындағы картада алтынмен бедерленген Ұлы Жібек жолы ата-бабаларымыздың табысты сауда жасап, жердің береке мен молшылыққа бөленген уақытына жетелейді. Сонымен қатар тақтадағы ұлттық өрнектер терең мағыналы ұрпақтар сабақтастығын бейнелейді.Шеберлікпен жасалған фигуралардың киімдері мен қару-жарақтарының детальдары бұл шахматты елдің назарын аударатын нағыз өнер туындысына айналдырып, кез келген интерьердің сәніне айналдырады.
    • Тақта жоғары сапалы ағаштан жасалып арнайы рояль лагымен жабылған, бұл тақтайдың ұзақ мерзім сақталуын қамтамасыз ете отырып, ойынға ерекше жайлылық сыйлайды. Ойын алаңындағы Ұлы Жібек жолының картасы күміс және алтын жұқалтырмен шебер безендіріліп, дизайнға ерекше нәзіктік беріп, тарихи терең мағынасын аша түседі. Алынмен апталған шахмат фигураларының әсем бөлшектері ойынға сән-салтанат қосады.
    • Колекциялық Silk Way шахматы - стратегияны, тарихты және әсемдікті бағалайтын жандарға арналған мінсіз сыйлық. Ол сіздің кабинетіңізге немесе қонақ бөлмеңізге айрықша көрік берер ойын аксессуары ғана емес, сонымен қатар даналықтың, көрегендіктің және жеңіске деген мәңгі ұмтылыстың символына айналады.
    • Тақтаның материалы: лакталған ағаш, күміс және алтын жұқалтыр. Фигуралардың материалы: металл, алтын аптау, түрлі-түсті эмаль.

Топтама Жібек жолы
Материалы Тақта: ағаш, фигуралар: металл қорытпасы, күңгірт эмаль
Өлшемі 380*380*80 мм
Қаптама Сыйлық қаптама.

Дүкендерде қолжетімділік