ИМПЕРИЯ ПОДАРКОВ. 20 лет визитная карточка Казахстана

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Asyq панносы

Артикул: 26PnAsykYE35
69 000 ₸    Қоржынға

Түстері

    • "Асығың алшысынан түссін!" - әрдайым жолың болып, бағың жансын!
    • Бұл сөздерде қазақ халқының ізгі тілектерінің бірі жатыр. Ежелден асық ұлттық ойын ғана емес, сәттілік, бақ-береке мен баянды өмір нышаны саналған. Асықтың "алшысынан" түсуі маңызды. Ойындағы ең сәтті қалып саналатын алшы - істің оңға басуы мен арман-мұраттың орындалуының белгісі.
    • Асық ойыны қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде ерекше орын алған. Ол ұрпақ сабақтастығын нығайтып, ептілікке, мергендікке және жеңіске деген ұмтылысқа баулыған. Ал асықтың терең мән-мағынасы халық даналығы мен ақ тілектерінен көрініс тапқан.
    • Осы ұлттық ойынның терең мағынасы қазақ суретшісі Нұрбұлан Өтепбаевтың авторлық туындылары негізінде жасалған Asyq паннолар топтамасына шабыт берді. Бұл туындыларда көне дәстүрлер заманауи өнер тілімен жаңаша өрнектелген.
    • Asyq - сәттілікті серік ету өнері. Ұлттық дәстүрдің көркемдігін ерекшелеп, бақ-береке мен әр бастаманың сәтті болуына арналған ақ тілекті тоғыстырған ерекше сыйлық.

Материалы керамика, түрлі түсті эмаль, алтын деколь.
Өлшемі 35х35 см.
Қаптама Сыйлық қаптама.

Дүкендерде қолжетімділік