СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 20 жыл бойы Қазақстанды әлемге танытудамыз

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Syrmak сөмкесі

Артикул: Bag-Syrm-Gr
24 900 ₸    Қоржынға KASPI

Түстері

    • Syrmak - жан жылулығынан шабыт алған топтама. Онда ғасырлар бойы Ұлы далада көшіп-қонаған ата-бабамыздың киелі де қасиетті киіз үйінің жылуға толы үй жабдықтарының айшықты өрнегі көрініс тапқан. Қыста жылу, жазда салқын берер киіздің қасиетін сырға толы өрнектер толықтырып, ерекше көңіл-күйге бөлейді. Соның арқасында ұрпақтан-ұрпаққа жеткен халық мұрасы ошақ басындағы жылу әңгімеге жетелейді.
    • Топтаманың басты ерекшелігі - қазақтың дәстүрлі кілемі, сырмақтың оюларының заманауи стилде қайта жаңғырып, қазақ жерінің жылуын бойына сіңірген бірегей дизайнында.
    • Syrmak сөмкесі - дәстүрлі сырмақтың айшықты геометриясы мен заманауи дизайнның ықшам эстетикасымен үйлескен ұлттық мұраның заманауи көрінісі. Сафьяно былғарысынан жасалған сөмке пішінін сақтап, өрнектің графикалық нақышын және түстер үйлесімінің тереңдігін ерекше айқындайды. Жеңіл, ықшам әрі ыңғайлы бұл сөмке crossbody форматында тағуға арналған, еркін қозғалысқа толық мүмкіндік береді. Syrmak сөмкесі - заманауи стильді қазақ дәстүрінің жылуымен ұштастырып, мәдени мұраны қазіргі заманғы образдың ажырамас бөлігіне айналдыратын ерекше аксессуар.

Топтама Syrmak
Материалыэко-былғары
Өлшемі 22х14 сm Размерная сетка
ҚаптамаСыйлық қаптама.

Дүкендерде қолжетімділік