СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы
"Шай ішпеген адам бүкіл шартараппен тіл табыспайды" (Жапон мақалы). Қазақша шайдың дәстүрлі рецепті бойынша барлық құрамдас бөліктер, яғни шай, сүт және су ыстықтай беріледі. Сондықтан шайды жай ғана дастарханның ортасына немесе жалпақ тәрелкеге қоя салмаған – міндетті түрде кесеге немесе шұңғыл ыдысқа қойған. Бұл жерде бір құйтұрқылық бар – физика заңдылығы бойынша шәйнек пен кесенің арасында әуе жастықшасы түзіліп, шай анағұрлым баяу суиды. Біздің командамыз осыған ұқсатып трансформер-шәйнекті жасап шығарды, ол тікелей шәйнектің өзінен және сол шәйнектің астына қойылатын табақтан тұрады. Енді сіз тек қою демделіп қана қоймай, сондай-ақ ыстық шайға да рахаттана аласыз. Сервизге кіретін екі зат та қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі Нелли Бубэнің суреттерімен безендірілген. Қола түсті, қоңыр, қызыл реңдер алтын түсті дақтармен керемет үйлесіп, бояудың бірегей жиынтығын түзеді. Ежелгі көшпелілердің өмірі кәрленнен жасалған өнер туындыларында жандана түседі. Жиынтық алтын деколь және толық түсті баспа технологияларын қолдана отырып, жоғары сұрыпты Finе Bone China кәрленінен әзірленген.
Топтама | Қазақтар |
Материалы | Fine Bone China кәрлені, алтын деколь |