EMPIRE Көк сақшылары топтамасының бұйымын ұсынады. Ғасырлар бойы адамзат көкке көзін тігіп келеді. Көк аспанның тазалығы, шексіздігі мен құпиясы адамның қиялын қияға жетелеп, дүниенің болмысын түсінуге талпындырған. Көкте қалқыған құстарды жоғарғы әлемнің тұрғындары санаған. Соның ішінде, әсіресе, жыртқыш құстардың орны ерекше болды. Қырағылық пен шапшаңдықтың символына айналған бұл құстарды адам баласы көк аспанның сақшыларына теңеп, киелі санаған. Ерте заманнан тотемдік символға айналған бұл құстардың бейнесін тарихи жәдігерлерден көп кездестіруге болады. Empire ұсынып отырған Көк сақшылары топтамасы адалдық пен батылдықты, тектілік пен ізгілікті сипаттайтын тамаша сыйлық болары сөзсіз.