СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ.
2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Өрнек сыйлық жинағы

Артикул: GS-OrnGr
49 900 ₸    Қоржынға KASPI

    Материалы: Қалам: алтынмен апталған асыл темір. Жазу кітапшасы: орнектермен бедерленген сапалы былғары мұқаба.
    Өлшемі: Қойындәптер 23,3*18 см.

    «Ornek» сыйлық топтамасы зооморфтық мәнердің заман ажарына сай жарқын бейнесін сіңірген. Топтамадағы жазу кітабының болаттай берік сыртқы мұқабасы терімен қапталып, қолөнерлік сипатта қазақтың ұлттық «қошқар мүйіз» өрнегімен ойылып дайындалған. Оған бекітілген мінсіз сапаның айғағы іспеттес айшықты қаламның сауытында бедерленген сиқырлы өрнектер көздің жауын алады. Топтаманың негізіне айналған тылсым өрнектер ұлттық өлшемде қошқардың шиыршық мүйізінің сұлу суретін сызады, көңіліңізде өмір философиясының терең тағлымы болып көктейді. Олардың мән-мағынасына бойласақ, халқымыздың ежелден жаратқанды тану танымының бастауларымен қауышамыз. Сондықтан “Ornek” топтамасының иегері айрықша сыйға ие болып қана қоймайды, өзін өмір сүрлеуінде қолдап-қоршайтын бақыт тұмарына қол жеткізеді. Даралық пен бірегейліктің бейнесін айшықтап, ерекше талғам мен танымның үлгісін көрсететін топтама тұлғаны жаңа жолдарға бастайды, қызметтік өрлеуінде тың табыстарға жетелейді, жан қамалына қуат қосып, ұлттық дүниетанымның асыл қайнарларына жеткізеді. Өміріңіздің өрнегі әрқашан әсем болсын, қадірменді жан!