СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ.
2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Қазақтар топтамасынан саптыаяқ

Артикул: Mug-BubKzMW
16 800 ₸    21 000 ₸ Қоржынға KASPI

"Шайдың алғашқы жұтымы – ерінді сулайды, екіншісі – жалғыздықты ұнатады, үшіншісі – ішкі жан дүниені зерттейді, төртіншісі – қайғы-мұңды басады, бесіншісі – хас батырмен ой таластыруға итермелейді" (Қазақ мақалы). Баяғыда қазақтар шайды кішкентай кеседен ішкен. Бірақ жаңа заманның жаңа талаптары бар – қазір көп адам осы уылжыған сусынды шыныаяқ пен саптыаяқтан ішкенді қалайды. Қазақтар коллекциясынан алынған кәрлен саптыаяқ – ежелгі дәстүр мен қазіргі заман шындығының қосындысы. Сюжет ортасында -ұлттық киім киген қазақтың ер азаматы бейнеленген. Ол тасқа қашалған суреттермен немесе Тамғалы шатқалындағы петроглифтермен безендірілген. Бұл суреттен бастапқы еркектік күш пен қазіргі заман арасындағы байланыс сезіледі. Адамға бұндай күшті қою шай береді. Саптыаяқ алтын деколь және толық түсті баспа технологиясын пайдалана отырып, жоғары сұрыпты Fine Bone China кәрленінен әзірленген. Саптыаяққа арналған қорап «шай сандықты» елестетеді, бұл – қазақтың шай ішу дәстүріне арналған арнайы сандық, онда шай ішуге қажетті барлық керек-жарақтар- шәйнек пен тәттілер сақталған. Ерлерге арналған керемет сыйлық. Осындай бір саптыаяқ шайдан кейін әркім хас батырмен сөз таластыра алады.

Топтама Қазақтар
МатериалыFine Bone China кәрлені, алтын деколь.

Көлем 320 мл.

Дүкендерде қолжетімділік

Ұсыныстар