Ас бөлмені немесе асхананы қайталанбас әрі бірегей етіп безендіргіңіз келеді ме? Онда сізге міндетті түрде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нелли Бубэнің туындылары желісімен құрылған "Құмыра" сәндік кәрлен панносын сатып алу керек. Олар ұлттық қазақ суреттерінің мәнерінде орындалғандықтан кез келген интерьерге үйлесе кетеді. Қола-алтын түсті реңдер кез келген жайды сән-салтанатқа толтырады. Дастархан басында сырласа отырып ішкен шай көңілге нағыз мереке сыйлайды. Сіз көшпелілердің ежелгі мәдениетіне амалсыз жақындай түсесіз, даланың самал желінен сусындайсыз, ежелгі экзотикалық шайханада отырғандай сезімде боласыз.
"Құмыра" сәндік табақшасы алтын деколь мен толық түсті баспа технологиясын қолдана отырып, жоғары сұрыпты Finе Bone China кәрленінен әзірленген. Кәрленнен жасалған өнер туындылары Сіздің дастарханыңызға бірегейлік, өзіндік ерекшелік пен қайталанбас рең береді.