СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ.
Визитная карточка Казахстана с 2006 года

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. Визитная карточка Казахстана с 2006 года

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Құрақ шай сервизі

Артикул: TS-Rag
159 900 ₸    Қоржынға KASPI

Материалы: Premium Porcelain кәрлені, алтын деколь, табиғи минералды бояулар.
Өлшемі:

Қастерлі құндылықтармен кестеленіп, әрбір тігісі ерекше нақышпен өрнектелетін халқымыздың құрақ құрау өнерін паш еткен "Құрақ" шай сервизі бірегей дизайн мен терең танымға ие айрықша топтама. Ондағы әрбір құрақтың үйлесімі - бақ-дәулет пен дархандықтың, асыл байлығымыз саналар денсаулық пен жан саулығының маңызын танытуға құрылған. Ұлттық танымыз бойынша құрақ көрпе құрау - әулет бірлігі мен ұрпақ жалғастығын танытудың таптырмас нышаны, шаңырғына жүк жинаған жанға қарата “басы аман, бауыры бүтін болсын” деп айтылар асқақ ілтипаттың көрінісі. " Құрақ" шай сервизіндегі әрбір бөліктің қисыны келіскен. Ондағы түстердің алуан түрлігігі бір-бірімен сұлу қабысып, үстінен сызылған алтын айшықтамамен ерекше үйлеседі. Әрбір құраққа сіңген қанық бояулар өзара тұтасып, ыдыстың толық өңін ашады. Сервиздегі шәйнектің сипаты киіз үй тәріздес, ал тәрелкелер қасиетті шаңыраққа ұқсата дайындалған. Мұндай ұлттық құндылықтарды арқау еткен топтама, сөзсіз, әрбір жүздесуде үй иелері мен қонақтардың жанын жадыратып, көңіл сарайын ашады. Сонымен қатар, әрбір дастанхан басындағы отырыстарға айрықша жан бітіреді. Оған құйылған шайдың дәмі тапқанның таңдайынан кетпейді.

EMPIRE К ВАШИМ УСЛУГАМ
КОНСУЛЬТАЦИЯ
Получите индивидуальную помощь в подборе подарков от наших консультантов.

ПОДАРОЧНЫЙ СЕРТИФИКАТ
Подарите выбор лучшего подарка, на выбранную вами сумму.

УПАКОВКА EMPIRE
Ваш заказ будет элегантно представлен в фирменной упаковке EMPIRE. Если вы собираетесь преподнести его в подарок, добавьте личное сообщение или добавьте персонализацию.