СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 20 жыл бойы Қазақстанды әлемге танытудамыз

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Syrmak картхолдері

Артикул: CH-Syrm-Gr
12 900 ₸    Қоржынға

Түстері

    • Syrmak - жан жылулығынан шабыт алған топтама. Онда ғасырлар бойы Ұлы далада көшіп-қонаған ата-бабамыздың киелі де қасиетті киіз үйінің жылуға толы үй жабдықтарының айшықты өрнегі көрініс тапқан. Қыста жылу, жазда салқын берер киіздің қасиетін сырға толы өрнектер толықтырып, ерекше көңіл-күйге бөлейді. Соның арқасында ұрпақтан-ұрпаққа жеткен халық мұрасы ошақ басындағы жылу әңгімеге жетелейді.
    • Топтаманың басты ерекшелігі - қазақтың дәстүрлі кілемі, сырмақтың оюларының заманауи стилде қайта жаңғырып, қазақ жерінің жылуын бойына сіңірген бірегей дизайнында.
    • EMPIRE дизайн-бюросының ерекше шеберлігі дәстүрлі сырмақтың айшықты өрнектерін сафьяно былғарысына шебер үйлестіріп, оның төл болмысын сақтай отырып, заманауи сипат берді. Осылайша банк карталары мен құжаттарды ұқыпты сақтауға арналған, ұлттық мәдениеттің айқын болмысын танытатын сәнді аксессуар дүниеге келді. Ықшам, ыңғайлы әрі әдемі бұл картхолдер күн сайын туған үйдің жылуын, дәстүрлер үйлесімін және қазақтың сәндік-қолданбалы өнерінің биік шеберлігін еске салып тұрады.

Топтама Syrmak
Материалы эко-былғары
Өлшемі 10,5х7,5 см
Қаптама Сыйлық қаптама.

Дүкендерде қолжетімділік