СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 20 жыл бойы Қазақстанды әлемге танытудамыз

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Syrmak жол жиынтығы

Артикул: Trvl-set-SRMK-L
69 000 ₸    Қоржынға

Түстері

    • Көшпенділер үшін жол – өмірдің ажырамас бөлігі, еркіндік пен қозғалыстың, жаңа дүниені танудың кеңістігі. Олар сапар үстінде де айналасын әсемдікке бөлеп, әрқайсысы терең мағынаға ие ою-өрнектермен безендірілген бұйымдарды серік еткен.
    • Осы философия EMPIRE брендін саяхатқа арналған жаңа жиынтықтар жасауға шабыттандырды. Syrmak дизайнының негізінде бренд суретшілері аттас топтама үшін арнайы әзірлеген авторлық ою-өрнек жатыр. Қазақтың дәстүрлі киіз сырмақтарынан шабыт алған бұл топтама жылылықтан тоқылғандай әсер қалдырады. Оның әрбір өрнегінде отбасы ошағының жылуы мен берекесі, ұлттық дәстүрлердің көркемдігі және Ұлы даланың бай мәдени мұрасы тоғысқан.
    • Жиынтықтағы әрбір бұйым әсем әрі қолайлы, сапарда жүрген күндерді жайлы әрі әдемі етеді. Чемоданға арналған тыс жүкті сенімді қорғайды. Сыдырма ілгек тыстың чемоданға ыңғайлы әрі берік бекітілуін қамтамасыз етсе, бүйіріндегі жасырын сыдырмалар чемодан тұтқаларын еркін пайдалануға мүмкіндік береді. Сақтауға арналған матадан тігілген арнайы шағын ғана сөмкесі бар.
    • Пішінді есте сақтайтын эргономикалық жастық мойынға жайлы тірек болып, жол үстінде тынығуға мүмкіндік береді. Дөңгелек пішінді арнайы қап сапар бойы жастықтың пішіні мен тазалығын сақтауға көмектеседі.
    • Жүк трекері чемоданның орналасқан жерін бақылауға мүмкіндік беріп, сапар барысында көңілге сенімділік ұялатады. Қазақы ою-өрнекпен безендірілген экобылғарыдан жасалған сәнді қаптамасы жиынтықтың жалпы дизайнымен әдемі үйлеседі.
    • EMPIRE саяхатқа арналған жиынтықтары – заманауи көшпенділердің әдемі сапары.

Топтама Syrmak
Материалы Чемоданның жабыны: полиэстер; Жастық: нейлон; Тегтер: жасанды былғары
Өлшемі Чемоданның қаптамасы: ені 45-55 см, биіктігі 60-70 см, тереңдігі 25-35 см;
Қаптама Сыйлық қаптама.

Жиынтық құрамы
чемодан қаптамасы, Find Me функциясы бар багажға арналған бирка және саяхатқа арналған жол жастығық.

Дүкендерде қолжетімділік

Топтама

Syrmak

SYRMAK – жылулықтан тоқылған топтама. Онда ғасырлар бойы Ұлы далада көшіп-қонаған ата-бабамыздың киелі де қасиетті киіз үйінің жылуға толы үй жабдықтарының айшықты өрнегі көрініс тапқан.

Посмотреть