СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 20 жыл бойы Қазақстанды әлемге танытудамыз

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Sulutor карткейсі

Артикул: CH-Sltr-zip
19 900 ₸    Қоржынға KASPI

    • Қазақ мәдениетінде текті, шабысы жүйрік, қимылы мен тұрқы кербез жылқылар ерекше бағаланатын. Олардың алпауыт күші мен көркем түр-сипаты жауынгерлерге, батырлар мен хандарға шабыт беріп, талай жеңістерге апарып, адал серігіне айналған. Ондай тұлпарлар жәй ғана жануар емес, алға ұмтылған сенімді қадамның, үлкен мұратқа жетелейтін рухтың нышаны болған.
    • Sulutor — жүйріктің көркін, оның сұлулығы мен ұстамды мінезін суреттейтін аксессуарлар топтамасы. Ерекше өрнек — өмір жолының нышаны: кішкентай жеңістерден үлкен белестерге апарады. Ал ай сәулелі индиго түсі түнгі дала аспанын елестетіп, арман туған сәтті, жаңа белестерге бастайтын алғашқы қадамды еске салады. Бұл қайталанбас түс қозғалыстың энергиясын айқындап, жарық түскен сайын, құбылып тұрады.
    • Топтамадағы әр аксессуар — даму қарқынына ілесе білетін, ұмтылысы мен тектілігі үйлескен жандарға арналған.
    • Sulutor карткейсі ықшам пішініне қарамастан, өте сыйымды. Берік сыдырмасы карталар мен ұсақ заттарды қауіпсіз сақтауға мүмкіндік береді, ал кілтке арналған сақина оның функционалдығын арттырады. Құжаттарға арналған алынбалы бөлік маңызды заттарды, құжаттарды реттеп, әрдайым қолжетімді ұстауға ыңғайлы. Ықшам әрі мұқият ойластырылған бұл аксессуар топтаманың эстетикасын мінсіз жалғастырады.

Топтама Sulutor
Материалыэко-былғары
Өлшемі10,8*8,8 см
ҚаптамаСыйлық қаптама.

Дүкендерде қолжетімділік

Топтама

Sulutor

Kaz Modern стилінде жасалған топтама заттары үйіңізді аңыз-әңгімелердің жылулығы мен күйіне толтырады.

Посмотреть