СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 20 жыл бойы Қазақстанды әлемге танытудамыз

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Sulutor әмияны

Артикул: WLT-Sltr
24 900 ₸    Қоржынға

    • Қазақ мәдениетінде текті, шабысы жүйрік, қимылы мен тұрқы кербез жылқылар ерекше бағаланатын.
    • Олардың алпауыт күші мен көркем түр-сипаты жауынгерлерге, батырлар мен хандарға шабыт беріп, талай жеңістерге апарып, адал серігіне айналған. Ондай тұлпарлар жәй ғана жануар емес, алға ұмтылған сенімді қадамның, үлкен мұратқа жетелейтін рухтың нышаны болған.
    • Sulutor — жүйріктің көркін, оның сұлулығы мен ұстамды мінезін суреттейтін аксессуарлар топтамасы. Ерекше өрнек — өмір жолының нышаны: кішкентай жеңістерден үлкен белестерге апарады. Ал ай сәулелі индиго түсі түнгі дала аспанын елестетіп, арман туған сәтті, жаңа белестерге бастайтын алғашқы қадамды еске салады. Бұл қайталанбас түс қозғалыстың энергиясын айқындап, жарық түскен сайын, құбылып тұрады.
    • Топтамадағы әр аксессуар — даму қарқынына ілесе білетін, ұмтылысы мен тектілігі үйлескен жандарға арналған.
    • Sulutor әмияны әдемі экобылғарыдан жасалған. Ішкі қалталары мұқият ойластырылған, ең маңызды карталарға арналған алынбалы бөлігі өте ыңғайлы. Үйлесімді дизайны топтаманың эстетикасын толықтырып, келкүнделікті образға өзіндік сән беретін акцентке айналдырады.

Топтама Sulutor
Материалыэко-былғары
Өлшемі11*9,2 см
ҚаптамаСыйлық қаптама.

Дүкендерде қолжетімділік

Топтама

Sulutor

Kaz Modern стилінде жасалған топтама заттары үйіңізді аңыз-әңгімелердің жылулығы мен күйіне толтырады.

Посмотреть