СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ.
2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

ORNEK сыйлық жинағы

Артикул: GS-KzCBl
59 900 ₸    Қоржынға

"Ornek" сыйлық топтамасы зооморфтық мәнердің заман ажарына сай жарқын бейнесін сіңірген. Топтамадағы жазу кітабының мұқабасы былғарымен қапталып, қолөнерлік сипатта қазақтың "қошқар мүйіз" оюынан құралған бірегей өрнекпен бедерленген. Оның қасындағы мінсіз сапаның айғағы іспеттес айшықты қаламның сауытында бедерленген сиқырлы өрнектер көздің жауын алады. Топтама дизайнының негізін құрайтын өрнектер қошқардың шиыршық мүйізінің елестетіп, ұлттық нанымда байлық пен берекені сипаттайды. Сондықтан "Ornek" топтамасының иегері бақ-дәулет шақыратын айрықша сыйға ие болады. Даралық пен бірегейліктің бейнесін айшықтап, ерекше талғамның үлгісін көрсететін топтама тұлғаны жаңа жолдарға бастайды, қызметтік өрлеуінде тың табыстарға жетелейді, ұлттық дүниетанымның асыл қайнарларына жеткізеді.

Топтама ORNEK
МатериалыҚалам: күміс түсті металл, түрлі-түсті эмаль. Визитка құтысы: күміс түсті металл, түрлі-түсті эмаль. Жазу кітапшасы: мұқабасы ою-өрнекпен бедерленген экобылғарыдан жасалған.
ӨлшеміЖазу кітапшасы: 235*180 мм. Визитка құтысы: 96*60 мм. Қалам: 140 мм.
ҚаптамаСыйлық қаптама.

Состав комплекта
Жазу кітапшасы, визиткаларға арналған құты және қалам.

Дүкендерде қолжетімділік