СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ.
2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Тарлан сыйлық жинағы

Артикул: BGS-TrlWV
339 900 ₸    Қоржынға KASPI

    Материалы: Алтынмен апталған асыл темір, реңкті-мөлдір сырлы бояу. Қойындәптер мұқабасы: экологиялық былғары
    Өлшемі: Қойындәптер 23,3*18 см.

    Жаңашылдық пен жасампаздыққа жаны асықтар мен салт-дәстүрді дәріптегендердің таңдауын тоғыстырған “Тарлан” туындысын сіздерге ұсынамыз. “Тарлан” - тұтынушы талғамына таңдай қақтырып қана қоймайды, ұлттық колориттің ерекшеліктерін көңіліңізге қондырады, өмір-өнегеңізге өрнектейді. Алтын іспеттес бөлшектерден тұратын кеңсе жиынтығы көздің жауын алып, батыл шешімдерге бой алдыртады. Тәуекелшілдікте ширатады. Молшылықтың бекзада үлгісін сипатап, көпқырлы қызметіңіздің көркін қыздырады. Ондағы ұлттық нышандардың көлбеңдеген әсем бейнесі ісіңізді ілгерлетіп, көңіліңізді өрлетеді, “кәсіптегі нәсіпке” жол ашады. “Тарлан” жиынтығының ішінде: 1. Ат тағасы кейіптес үстел сағаты бар. Төл туынды уақытыңызға береке сыйлап, оны сіздің ырқыңызға бағындырады. Сәттілік пен жетістік жолындағы қадамыңызды нығайтып, әрбір ісіңізге орнықтылық береді. 2. Жеке дереккарта құтысы болса, жетістікке жетіп, биіктерді бағындырудағы беташарыңызға айналады. Армандарды шындыққа ұластырудың құтты кілтін кейіптейді. 3. Ер-тоқым тәрізді тұғыры бар роллер қалам. Туынды маңызды келісімшартқа қол қойғанда кәдеңізге жарайды. Ерекше сыпатымен бабалар аманатын арқалағандай қастерлі күй кештіреді. 4. Экологиялық былғары дайындалған қойындәптер - ұлы мақсаттар мен ойға қонымды пікірлерді, жанкешті жоспарларды жазуда, санаңызда сызған суреттерді ала сиямен ақ қағазға таңбалауда айнымас серік болады. Өлшемі:23,3*18см. Ашығын айтқанда, “Тарлан” үстел жиынтығы - шаруаны шырқ иіріп, кәсіптің басында жүрген жүрген көшбасшы үшін не шаңырақ тіреуіне айналған отағасы үшін таптырмас сый. “Тарланмен” тұғырыңызға орнығып, талаптың тұлпарын мініңіз, биік белестерді еңсеріп, табыстың шыңын бағындырыңыз, қадірменді ағайын. Ендіге “Тарланды” сатып алу мүлдем қиын емес. Тек сайттан тапсырыс берсеңіз болғаны. Біз аталмыш туындыны лезде жеткізуге даярмыз.