СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 20 жыл бойы Қазақстанды әлемге танытудамыз

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

NAURYZ құмырасы

Артикул: Vs-Rag
58 000 ₸    Қоржынға KASPI

    • NAURYZ топтамасы - жаңару мен қуаныштың, жаңғырудың белгісі, Ұлы көктем мерекесінің шынайы рухы.
    • Наурыз - табиғат оянып, адамдар жаңа жылдың басталуын, жаңа көкжиектердің ашылуын тойлайтын көктемгі күн мен түн теңелуінің көне мерекесі.
    • Қазақ халқы Наурыз мерекесі кезінде бір-бірін құттықтағанда: ырыс берекесі мол жыл болсын деген тілектерін "Ақ мол болсын!" деп айтатын. Қазақ мәдениетінде ақ түс - молшылық пен жақсылықтың нышаны. Бұл қазақ дастарханының көркін келтіретін сүт тағамдарының түсі. Мереке кезінде ақ дастархан жайылып, келіннің басына ақ орамал тартылған.
    • Реңкі аппақ фарфор - дәстүрлі құттықтаудың заманауи көрінісі секілді.
    • Бұл топтама дизайнына негіз болған қазақтың дәстүрлі құрақ құрау өнері. Құрақтың әрбір бөлігі табиғат пен заманауи формалардың бірлігін бейнелейтін, өсімдік және геометриялық өрнектердің үйлесімді симбиозымен безендірілген.
    • NAURYZ фарфор ақ құмыра-термосы - мерекелік дастарханның ерекше жылуы. Жоғары сапалы шыны колба мен мінсіз вакуум сусынның ыстығын ыстық күйінде, салқынын салқын күйінде 24 сағат бойы сақтайды. Құманның силуэті топтамаға тән жұмсақ ирек сызықтар мен әсем өрнектерін қайталап, дастарханның стильді, функционалды әрі көз тартарлық көркем акцентіне айналады.

Топтама NAURYZ
МатериалыPremium Porcelain кәрлені, алтын деколь, табиғи минералды бояулар.
Өлшемі33 см.
ҚаптамаСыйлық кейс
ТаралымЛимиттелген таралым

Дүкендерде қолжетімділік