Таға - көптеген халықтарда бұл ат әбзелі сәттіліктің, байлық пен берекенің нышаны саналады. Ортасына монета орнатылған аттың тағасы кейпіндегі бұл мүсінше үйіңізге байлық шақырып, жұмысыңызға сәттілік әкеледі.
Мүсіншедегі аттың тағасы қазақтың ұлттық оюлармен өрнектеліп, жасыл түсті тастармен - кристалдармен безендірілген. Тағаның ортасына орнатылған 100 теңгелік монетаның дәлме-дәл көшірмесі композицияға ерекше мән береді. Жасыл мәрмәр тас түрінде жасалған дөңгелек пішінді тұғыры тұрақтылық пен беріктікті тұспалдайды. Тұғыры ұлттық өюмен көркемделген металмен жиектеліген, үш тілде жақсы тілек жазылған.