СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 20 жыл бойы Қазақстанды әлемге танытудамыз

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Алтын Камча

Артикул: L24KAMCHSAK
4 560 000 ₸    Қоржынға KASPI

    • Қамшы ұстай білу - әлемді басқаруға жол ашады. Сан ғасыр еркін дала төсінде өсіп-өнген көшпенділер қамшыны кие тұту арқылы ат үстінде өнегелі ғұмыр кешті. Себебі, қамшының құдіреті - иесінің болмысын биіктетіп, ел ісіне араласуда табысқа жетелейді. Қамшы өз тағдырына бей-жай қарамайтын адамға сәттілік сыйлап, абыройын асқақтатады.Көшпенділер үшін қамшы ежелден-ақ биліктің жоғарғы символы саналып келеді. Ол хандардың асатаяғы немесе патшалардың скипетрі секілді, терең сакралды мәнге ие, көшбасшылық пен биліктің айқын көрінісі еді.
    • Көз жауын бірден алатын бұл қамшы, 2500 жылдан астам тарихы бар, сақ мәдениетіне жататын археологиялық деректерге негізделіп жасалған. Бұл кезең -әрбір зергерлік бұйымға терең символикалық мән берілген көшпенді өркениеттің алтын дәуірі еді.
    • Сол дәуірдің ерекше "аң мәнерінде" жасалған өнер туындылары ежелгі зергерлердің керемет шеберлігін көрсетеді. Онда жеке аңдардың стилистикалық әсем бейнесі ғана емес, бірнеше жануарлардың образын бір композицияға үйлестірген күрделі ансамбльдермен де ерекшеленді.Ежелгі шеберлер табиғаттан шабыт алып, жануарлардың бейнелерін ерекше шеберлікпен жасады. Әрбір деталь пішін мен символиканың үйлесімін көрсетіп, бейнені өмірге толы динамикалық әңгімеге айналдырды.
    • Altyn Kamshy - ұлы дәуір рухын бейнелейтін, қасиетті зергерлік өнер дәріптелген заманның айғағы.
    • Altyn Kamshy-өз тағдырын қолына алған жанның сәттілік нышаны.

Топтама Сақ аңыздары
МатериалыМатериал: қола, алтын, текше цирконий, табиғи ағаш (құрыш ағашы), табиғи былғары, зергерлік эмаль
ӨлшеміАса таяқтың өлшемдері: 60x42x380 мм. Тұғырдың өлшемдері: 248x108x83 мм.

Дүкендерде қолжетімділік