Картина дарынды суретші Нелли Бубэнің туындысының репродукциясы болып табылады. Нелли Бубэнің картиналары қазақтардың тұрмыс-тіршілігін, шексіз Ұлы Даладағы өмір жолын, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін өзіндік шығармашылық мәнерде баяндайды. Суретші ұлттық киімдер мен тұрмыстық бұйымдарды өзіндік ерекше стилде бейнелеп, алтын реңктері басым түстердің алуан түрлілігі арқылы философиялық және поэтикалық мәніне ажар береді.
Картина көрерменді тарихқа көз жүгіртіп қана қоймай, уақыт арнасындағы ұрпақ сабақтастығының мәдени және рухани мұрасын паш етеді. Сондықтан ұлттық тарихты бағалаушы кез келген адам үшін тамаша кәдесый сыйлық болары сөзсіз.