СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ.
2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Кесте орамалы

Артикул: S-KstGld
52 000 ₸    65 000 ₸ Қоржынға KASPI

Түстері

Байырғы ою-өрнектер мен әшекейлерді заманауи дизайінде біріктіру аса нәзік және үйлесімді жаңа еуразиялық стильді дүниеге алып келіп, бір арнаға тоғысқан алуан түрліліктің нәтижесінде керемет аксессуар туындады. Эстетикалық тұрғыдан мінсіз жасалған дұл бұйым көркемдігімен қатар иесін пәле-жаладан сақтайтын тұмар іспетті. Орамалдың дизайнінде қазақтың геометриялық және өсімдік тектес өрнектері қолданылған. Осынау классикалық өрнекке қазақтың байырғы әшекейі - шашақ әсем өрілген. Байырғы наным бойынша шашақ тіл-көзден сақтап, бақыт пен сәттілік алып келеді деген сенім бар. Сондықтан әйелдер шашақпен үйдің ішін безендіріп, ал бойжеткендер оны бұрымдарына таққан. Біздің дизайнерлеріміз бен әлемге әйгілі жібек бұйымдар өндіруші итальяндық Artestampa компаниясының керемет жаңа өнімін ұынамыз. Бірегей дизайнінен басқа "Кесте" орамалы жоғары сапасымен де ерекшеленеді: 100% жібектен тоқылған орамал табиғи бояулармен әрленген. Орамал Италияда жасалған.

Топтама Кесте
Материалы100% жібек,алтын түс.
Өлшемі90x90 cм.

Дүкендерде қолжетімділік

Ұсыныстар