"Ұлытау" сағатындағы классика мен минимализмнің үйлесімі.
100 даналық шектеулі таралым. Циферблаттың төртбұрышты пішіні оның иесінің кәсіпқойлығы мен іскерлік қасиеттерін жақсы көрсетеді.
Терең, көкшіл фондағы алтын жазба, тілдері мен сандар жағымды контраст жасап, талғампаздық беріп тұрады. Сағат жоғары сапалы материалдардан жасалған, бұл оның ұзақ қызмет ету мерзіміне кепілдік береді. CITIZEN 1M12 - 1.5 - 6H жапон кварц механизмімен жабдықталған. Қуат беру элементі - SR621SW.
Корпусы алтын жалатылған 316L тот баспайтын болаттан жасалған, өлшемі 32х42 мм. Бауы табиғи былғарыдан жасалған, ені 19 мм. Сондай-ақ сағаттың 3 атмосфераға дейінгі суға төзімділігі және жақұт шынысы бар.
Мұндай аксессуар сіздің салмақтығыңыз бен қоғамдағы қадірлі орныңызды ерекше көрсетеді. Стиліңіздің ажырамас бөлігіне айналатын "Ұлытау" қол сағатының иесі болыңыз.