СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 20 жыл бойы Қазақстанды әлемге танытудамыз

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Sulutor термосы

Артикул: Therm-Sltr1
19 900 ₸    Қоржынға KASPI

    • Қазақ мәдениетінде текті, шабысы жүйрік, қимылы мен тұрқы кербез жылқылар ерекше бағаланатын. Олардың алпауыт күші мен көркем түр-сипаты жауынгерлерге, батырлар мен хандарға шабыт беріп, талай жеңістерге апарып, адал серігіне айналған. Ондай тұлпарлар жәй ғана жануар емес, алға ұмтылған сенімді қадамның, үлкен мұратқа жетелейтін рухтың нышаны болған.
    • Sulutor - жүйріктің көркін, оның сұлулығы мен ұстамды мінезін суреттейтін аксессуарлар топтамасы. Ерекше өрнек - өмір жолының нышаны: кішкентай жеңістерден үлкен белестерге апарады. Ал ай сәулелі индиго түсі түнгі дала аспанын елестетіп, арман туған сәтті, жаңа белестерге бастайтын алғашқы қадамды еске салады. Бұл қайталанбас түс қозғалыстың энергиясын айқындап, жарық түскен сайын, құбылып тұрады.
    • Топтамадағы әр аксессуар - даму қарқынына ілесе білетін, ұмтылысы мен тектілігі үйлескен жандарға арналған.
    • Sulutor термосы топтама эстетикасында жасалып, оның жылдамдық пен сенімділік философиясын бейнелейді. Толықтай тот баспайтын болаттан өндірілген бұл термос қос қабатты жылы ұстайтын қабырғаларымен және белсенді өмірге лайық берік құрылысымен ерекшеленеді. Ыңғайлы тұтқасы бар оңай ашылатын қақпағы қозғалыста қолдануды жеңілдетеді, ал төменгі бөлігі бұралып ашылып, ыңғайлы стақанға айналады. Бұл термос кез келген жағдайда қалыпты жайлылық деңгейін сақтауға мүмкіндік береді.

Топтама Sulutor
Материалытот баспайтын болат
Өлшемікөлемі 600 мл, алынбалы шыны 350 мл

Дүкендерде қолжетімділік

Топтама

Sulutor

Kaz Modern стилінде жасалған топтама заттары үйіңізді аңыз-әңгімелердің жылулығы мен күйіне толтырады.

Посмотреть