СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы
+7 (771) 553 03 03
+7 (771) 993 93 03
Алтын іспеттес бөлшектерден тұратын кеңсе жиынтығы көздің жауын алып, батыл шешімдерге бой алдыртады. Тәуекелшілдікте ширатады. Молшылықтың бекзада үлгісін сипатап, көпқырлы қызметіңіздің көркін қыздырады. Ондағы ұлттық нышандардың көлбеңдеген әсем бейнесі ісіңізді ілгерлетіп, көңіліңізді өрлетеді, “кәсіптегі нәсіпке” жол ашады. “Тарлан” жиынтығының ішінде: 1. Ат тағасы кейіптес үстел сағаты бар. Төл туынды уақытыңызға береке сыйлап, оны сіздің ырқыңызға бағындырады. Сәттілік пен жетістік жолындағы қадамыңызды нығайтып, әрбір ісіңізге орнықтылық береді. 2. Жеке дереккарта құтысы болса, жетістікке жетіп, биіктерді бағындырудағы беташарыңызға айналады. Армандарды шындыққа ұластырудың құтты кілтін кейіптейді. 3. Ер-тоқым тәрізді тұғыры бар роллер қалам. Туынды маңызды келісімшартқа қол қойғанда кәдеңізге жарайды. Ерекше сыпатымен бабалар аманатын арқалағандай қастерлі күй кештіреді. 4. Экологиялық былғары дайындалған қойындәптер - ұлы мақсаттар мен ойға қонымды пікірлерді, жанкешті жоспарларды жазуда, санаңызда сызған суреттерді ала сиямен ақ қағазға таңбалауда айнымас серік болады. Ашығын айтқанда, “Тарлан” үстел жиынтығы - шаруаны шырқ иіріп, кәсіптің басында жүрген жүрген көшбасшы үшін не шаңырақ тіреуіне айналған отағасы үшін таптырмас сый. “Тарланмен” тұғырыңызға орнығып, талаптың тұлпарын мініңіз, биік белестерді еңсеріп, табыстың шыңын бағындырыңыз, қадірменді ағайын. Ендіге “Тарланды” сатып алу мүлдем қиын емес. Тек сайттан тапсырыс берсеңіз болғаны. Біз аталмыш туындыны лезде жеткізуге даярмыз.
КЕҢЕС БЕРУ Сыйлық таңдауда біздің кеңесшілеріміздің жеке көмегін алыңыз.
СЫЙЛЫҚ СЕРТИФИКАТЫ Өзіңіз таңдаған сомаға үздік сыйлық таңдауын сыйға тартыңыз.
EMPIRE ҚАПТАМАСЫ Сіздің тапсырысыңыз EMPIRE сәнді фирмалық қаптамасында ұсынылатын болады. Егер сіз оны сыйға тартпақ болсаңыз, жеке хабарламаны қосыңыз немесе атауландыру жасаңыз.
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam,