СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ.
20 жыл бойы Қазақстанды әлемге танытудамыз

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 20 жыл бойы Қазақстанды әлемге танытудамыз

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Томирис шахматы

Артикул: Chess-TmrsW
1 990 000 ₸    Қоржынға KASPI

    • Бұл шахматтың жасалуына сақ-массагеттердің ханшайымы Томирис (Тұмар) жайлы аңыз-әфсана шабыт берді. Ол даналық пен көрегендік арқылы ең қуатты қарсыластарды да жеңуге болатынын күллі әлемге дәлелдеген әйел. Оның бейнесінде билеушінің қаталдығы мен нағыз ару биязылығы үйлесім тапқан.
    • ТОМИРИС шахматы сақ - массагеттер мен парсылар арасындағы тарихи шайқасты бейнелейді: дәл осы соғыста Томирис ерекше әскери айланың арқасында Кир патшаның әскерін ойсырата жеңді. Бұл жеңіс әйел кісінің ел басқара алатын даналығын ғана емес, сонымен қатар керемет ақыл-парасатымен елін қорғай алатын қабілетін көрсетті.
    • Бүгінде көптеген әйелдер көшбасшылыққа ұмтылып, биік шыңдарды бағындырып жатқан заманда, бұл шахмат жиынтығы билік пен табандылықтың ер мен әйелге бөлінбейтінін, ортақ ұғым екенін еске салады. Фигуралар сақтар мен парсылардың тарихи қару-жарағын дәл жеткізіп, Томирис дәуірінің рухын сезіндіреді. Қызыл түс әйелге тән нәзіктіктің және әсем тактика мен жеңістің нышаны болса, көк түс ер азаматқа лайық мінезділік пен қатаңдықты меңзейді.
    • Нәзік өрнектер мен безендірілген әсем ойын тақтасы Томиристің ұлылығын паш ете отырып, сұлулықпен ақыл-парасат арқылы жеңіске жетелейді. Бұл шахмат әдемі стратегияларды шебер қолдану арқылы ең мықты деген қарсыласты жеңе алатын жандар үшін керемет сыйлық.

Топтама Томирис
МатериалыМүсіншелер: металл, алтын және күміс түстес, ыстық эмаль материалмен қапталған. Ойын тақтасы: лакталған ағаш.
ӨлшеміТақтаның өлшемдері: 570*570*117 мм.
ҚаптамаАғаш қорап

Дүкендерде қолжетімділік

Ұсыныстар