СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 20 жыл бойы Қазақстанды әлемге танытудамыз

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Nomad. Sattilik сыйлық жинағы

Артикул: GS-NMD-Sat
29 900 ₸    Қоржынға KASPI

    • Nomad. Sattilik - сәттілік сыйлайтын жинақ.
    • Ақ пен қара, жарық пен көлеңке секілді қарама-қайшылық негізіне сай бейнеленген тұлпарлар - қозғалыстың жеңілдігін, ішкі сенімділік пен құт-берекені білдіретін нышандар.
    • Жиынтықтағы ою-өрнек қазақтың көрнекті суретшісі Нұрбұлан Өтепбаевтың графикалық жұмысы негізінде жасалған. Оның ұлттық ою-өрнектегі авторлық интерпретациясы фон мен пішіннің әдемі ойыны арқылы ашылады. Тұлпарлардың контрастты сұлбалары динамикалық композицияны құрайды: көру бұрышыңызға қарай басты бейне - кейде өрнектің өзі, кейде оның фоны болып көрінеді.
    • Бұл визуалды әсер шын сәттілік - тереңіне үңіліп, көзге бірден түспейтін нәзік ерекшеліктерді байқай білетін жанға бұйырады дегенді меңзейді. Артқы мұқабада бейнеленген таға - ежелден келе жатқан құт пен берекенің символы.
    • Nomad. Sattilik сыйлық жинағындағы бұйымдар тұлпарлардың көрнекі бейнесі мен күміс реңкті монохромды эстетикасымен үйлесім тапқан. Жұмсақ (Soft touch ) мұқабалы, қыры күміс түсті жазу кітапшасы - салиқалы ой мен армандарға арналған кеңістік. Ықшам қалам - жеңіл жорғалатқан салт аттының жолындай айқын із қалдырады.
    • Nomad. Sattilik - қадамдарыңыз сәтті болсын.

Топтама Nomad
ӨлшеміЖазу кітапшасы: 245*180 мм. Қалам: 137 мм.
ҚаптамаСыйлық қаптама.

Жиынтық құрамы
Жазу кітапшасы, қалам.

Дүкендерде қолжетімділік