СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 20 жыл бойы Қазақстанды әлемге танытудамыз

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Сак аңыздары сыйлық жиынтығы

Артикул: GSNPT-SakRd
49 900 ₸    Қоржынға KASPI

Түстері

    • САҚ АҢЫЗДАРЫ сыйлық жиынтығы археологиялық қазбалар кезінде табылған, 2500 жылдан астам тарихы бар сақ дәуіріне тиесілі жәдігерлер негізінде жасалған. Сақ өнерін әлемге танытқан "аң стилі" жануарлардың күш-қуаты мен асқақ болмысын бейнелеп, оларды өмірлік энергия, күш пен билік нышандарына айналдырды. Нәзік те дәл иректері мен қозғалысқа толы композицияларымен ерекшеленетін бұл бейнелер бүгін де таң қалдырады. Ғасырлар қойнауынан жеткен бұл нышандар жиынтықтың нәзік өрнегіне негіз болып, оны біртұтас туындыға біріктірді.
    • Біз сақ эстетикасын заманауи мәнерде қайта жаңғыртып, бүгінгі өмір ырғағына сай қолайлы әрі сәнді бұйымдар күйінде ұсынып жатырмыз.
    • Жиынтық сақ стиліне тән асыл қызыл түсте жасалған. Оның құрамында:
    • Мұқабасы сақ аң стиліндегі алтын түсті өрнектермен безендірілген жазу кітапшасы. Оның папирус реңкті парақтары көзге жағымды әрі кез келген жазбаға айрықша әсер береді.
    • Қалың керамикадан жасалған және жұмсақ силикон қақпағы бар саптыаяқ. Ол әдеттегі ыдыстарға қарағанда сусынның жылуын ұзақ сақтайды, сондықтан да ол кеңседе, үйде немесе серуенге шыққан кезде қолдануға оте ыңғайлы.
    • Жиынтықтың орнаменттік стилінде жасалған қалам. Ол күнделікті жазу процесін эстетикалық ләззатқа толтырады.
    • Жиынтық осы стильде жасалған әдемі қызыл қорапқа салынған.
    • САҚ АҢЫЗДАРЫ - ұлы мұраның ерекше күш қуатын бүгінгі заманның серпінді өміріне үйлестіріп жеткізетін мәнді сый.

Топтама Сақ аңыздары
МатериалыКружка - керамика/силикон, 350 мл; роликті қалам - металл; дәптер - бедерлі өрнегі бар эко-былғары - А5 форматы, парақтар саны 104, алтын жиек
ӨлшеміДәптер: 24*17 см. Қалам: 14 см. Термос: 21,5*8,5 см.
ҚаптамаСыйлық қаптама.

Жиынтық құрамы
дәптер, кружка, қалам

Дүкендерде қолжетімділік