Қамшы ұстай білу - әлемді басқаруға жол ашады. Сан ғасыр еркін дала төсінде өсіп-өнген ұлттар қамшыны кие тұту арқылы ат үстінде өнегелі ғұмыр кешті. Себебі, қамшының құдіреті - иесінің болмысын биіктетіп, ел ісіне араласуда табысқа жетелейді. Қамшы өз тағдырына бей-жай қарамайтын адамға сәттілік сыйлап, атын асқақтатады. Ел арасында Шыңғысханның билікке жетуінің сыры - тауып алған алтын сапты қамшысының құдіретінде жатыр деген тағлымды аңыз сақталған.
Соған орай, әртүрлі тың тәсілдерді қолдана отырып, ерекше ықыласпен темірді ие жасалған “Қамшы” жазу қаламының бөліктері киелі қаламның сырын толыққанды ашады. Өнімнің арқауындағы тұтқасы алтынмен апталып, дәстүрлі өрнекпен зерленген. Сыры мен сыны айрықша “Қамшы” жазу қаламы EMPIRE-дың тың дизайнына сай қара түспен сырланған сандықшаның ішіне салынып, алтын өрнектердің үйлесімінен көз тартады.