СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 20 жыл бойы Қазақстанды әлемге танытудамыз

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Syrmak палантині

Артикул: LS-Syrm-BLOr
104 900 ₸    Қоржынға

Түстері

    • SYRMAK - жылулықтан тоқылған топтама.
    • SYRMAK палантині жүрекке жақын ерекше жылылықты түрлі қырынан ашады. Матасы мамықтай жұмсақ, алақанға сезілер жылу сыйлап, бұралған иірімдері көздің жауын алып, жылы жайлылық сезімін ұялатады. Бұл тамаша палантин қазақтың оюлы сырмағынан шабыт алып, толықтай табиғи материалдардан жасалған.
    • Жылдам шешімдер, жылдам әсер, жылдам өнім заманында табиғи материалдардан туып, уақытты, асқан шеберлікті және адам қолының жылы энергиясын талап ететін бұйымдар ерекше құнды.
    • Жібек пен табиғи жүннен құралған бірегей дуэт - палантин матасының негізін құрайды. Жүн мата жұмсақ жылу мен ерекше тактильді сезім сыйласа, жібек жіптер қозғалған сайын әдемі әрі нәзік рең береді және бұйымға айрықша премиалды сипат қосады.
    • Палантин бетіне салынған өрнек дәстүрлі қазақ сырмағынан шабыт алып жасалған - ол үй жылуының, жайлылықтың және ұрпақтар сабақтастығының символы. Палантин көне ирандық "калямкари" техникасында орындалған: сурет табиғи және минералды бояуларды қолдану арқылы қолмен салынады. Анар, марена, индиго және басқа да табиғи пигменттер түске тереңдік пен матаға әдемі фактура береді. Әрбір ою үстіне түсірілген жібек кесте қозғалыс кезінде композицияға ерекше сипат қосып, тереңдігін аша түседі.
    • SYRMAK палантині - жылу сыйлайтын, образды өзгертетін, шынайылық пен табиғи өнімдерді бағалай білетін, талғамы жоғары жандарға арналған аксессуар.

Топтама Syrmak
Материалы 85% кашемир, 15% жібек Басып шығару әдісі: Қаламкари.
Өлшемі 235х76,5см

Дүкендерде қолжетімділік