СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ.
2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Жошы хан үстелдік жинағы

Артикул: TSt-JKh24
68 000 ₸    85 000 ₸ Қоржынға

Жошы хан (1187-1227) - Шыңғыс ханның үлкен ұлы, қыпшақ елінің билеушісі, Алтын Орда мемлекетінің негізін қалаушы, қазақ хандары мен сұлтандарының арғы бабасы. Оның анасы Бөрте, Қоңырат тайпасынан. Жошының әскери қабілеті ерте жастан-ақ танылды. Ол күшті, батыл әрі талантты қолбасшы болып өсті. 1206 жылы Шыңғысхан керей, найман, меркіт және басқа да тайпаларды бір орталыққа біріктірген соң, әкесінің жұмсауымен Жошы Оңтүстік Сібір, Алтай, Шығыс Түркістан және солтүстік Қытайды басып алды. Одан соң Хорезмнің билеушісі Мұхаммед шахтың әскерімен Ырғыз өзенінің бойында кездесті. Сол бір қиян-кескін шайқаста әскери қабелттілігінің арқасында Жошы сарбаздары өздерінен анағұрлым көп хорезм әскеріне есе жібермей, ұрыста тең түсті. Сонан соң Мұхаммед шах ары қарай соғысудан бас тартты. Ал 1220-1222 жылдарғы жорықта Отырар, Сығанақ, Өзкент, Баршынкент, Жаркент секілді қалаларды бағындырды. Сөйтіп Хорезм мемлекетін түгел жаулап алды. Осындай жетістіктерінің арқасында ол құрмет пен даңқа ие болды. 1223 жылы өткен тарихи Құрылтайда әкесі Шыңғысхан оған Ертіс өзенінен батыс жатқан кең аймақты және Жетісу өңірінің солтүстігінен Еділ өзенінің төменгі аймағына дейінгі "моңғол аттарының тұяғы тиген" барлық жерді, яғни Дешті-қыпшақ даласын басқаруға берді. Бұл ұшан-теңіз алқап "Жошы ұлысы" деп аталды (кейін, Жошы өмірден озған соң ол "Алтын Орда" деп аталды). Бастапқыда ханның ордасы Ертістің бойында болды, бірақ уақыт өте ол Ұлытауға көшті. 2021 жылы Алтын Орданың 750-жылдығын атап өту барысында Ұлытауда, оның кесенесінің жанынан "Жошы хан" тарихи-мәдени кешені бой көтеріп, Жошы ханның ескерткіші қойылды. Мүсін авторлары: Ғазиз Ешкенов, Айдар Жамхан, Ұлағат Ақжолтай. Үстелдік жинақ осы ескерткіштің шағын көшірмесі болып табылады.

МатериалыПолистоун, "көне қола" түсті жабын, қолмен боялған.
Өлшемі17х12х18 см.

Дүкендерде қолжетімділік

Ұсыныстар