СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ.
2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Дастархан саптыаяғы

Артикул: Mug-BubDstr
22 900 ₸    Қоржынға KASPI

    Топтама: Казахи
    Материалы: Fine Bone China кәрлені, алтын деколь
    Өлшемі: Биіктігі: 14,5 см Ені: 9,3 см Тереңдігі: 13,5 см Көлемі: 0,5 мл

    «Біздің бай дастархан тартады шартараптан барша жұртты» (Қазақ мақалы). Ұлттық әуендегі кәрлен жиынтығын құра отырып, біздің ұжым қазақтың дәстүрлі дастарханын сырт айналып кете алмады. Бұл жай ғана отырыс емес, адамдардың қарым-қатынасы және бас қосуы. Кез келген дастархан міндетті түрде бірлесіп шай ішумен қатар жүреді. Жиі қонақтардың бір дастархан басына жиналуына арнайы себеп болады және соған сәйкес өз атауы да болады. Мысалы, дәстүрлі «Келін шай» (Келінің құйып берген шайы), яғни тойдан соң күйеу жігіттің туыстары жастардың шаңырағына келіп, жаңа түскен келін қонақтарға құрмет көрсетіп, оларға өз қолымен шай құйып береді. Немесе «Сарқыт шай» (Сарқыттан келген тәттілермен шай ішу) – тойға барып, алыс жолдан келген адам өз туыстарын, көршілері мен достарын шақырып, шай беріп, сапарындағы қызықты оқиғаларды әңгімелеп береді. Қазіргі Қазақстанда «Кеңес шай» (Мәслихат шай) кеңінен танымал болып келе жатыр – маңызды мәселелерді талқылауға арналған мәслихаттар, яғни әріптестер бас қосып, ыстық, қою шай іше отырып, әртүрлі мәселелерді талқылап, кеңеседі. Бұл жағдайда кез келген мәселені өзінің жылдам әрі тиімді шешімін табады. Эстетикалық тұрғыдан аса сұлу "Дастархан" саптыаяғы алтын деколь және толық түсті баспа технологияларын қолдана отырып, жоғары сұрыпты Finе Bone China сүйек кәрленінен әзірленген. Бұл өнер туындысы кез келген отырыстың сәніне айналады. Ал осы саптыаяқтан ішкен шай басында әртүрлі қиындықтар мен мәселелердің түйіні оңай шешіле кетеді.