СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ.
2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Арт-панно Фатиманың қолы (Хамса)

Артикул: Frame-HMS-Sv
590 000 ₸    Қоржынға

Хамса (бестік) - ашық алақан түріндегі қорғаушы тұмар. Ол әртүрлі атаумен белгілі: иудейлерде Мириамның қолы, исламда Фатиманың қолы, буддизмде Тағдырдың қолы және христиандарда Құдайдың қолы деп аталады. Бұндай тұмар тіпті Солтүстік американың үндістерінде де болған. Хамса тұмарын пір тұтқан мәдениеттердің ерекшеліктеріне қарамастан оның символикасы ұқсас - ол өз иегерін көз тию мен дуадан қорғайды, қарым-қатынас жасауға көмектеседі, адамның ішкі күшін толықтыра түсетін оң энергияны тартады. Әсіресе Хамса тұмары әйелдер үшін аса жағымды әрі қажет дүние. Бұл отбасының амандығын және жыры шырайын сақтап қалуға көмектеседі, бейбітшілік мен мейірімді қорғайды, жан рақаты мен жан үйлесімділігіне ие болуға ықпал етеді. Ол жүктілік кезінде бала босануды жеңілдетіп, емізу кезінде оң әсер етеді. Хамса символы оның иесін ең ізгі амалдарға деген сенімге және төзімділікке толтырады. EMPIRE-дің Хамса панносы стильді адам алақаны түрінде орындалған - ежелгі дәстүрге сай бұл сурет қолдың анатомиялық нысанын қайталамайды, онда саусақтар симметриялы түрде орналасқан және екі жағында да бас бармақтар бар. Фатиманың қолы исламның бес тұғырын білдіреді: иман, намаз, ораза, қажылық және зекет. Ал иудаизмде Мириамның қолын Тәуарттың бес кітабымен байланыстырады. EMPIRE панносындағы Хамса шағылысатын алтын және күміс түстермен көмкерілген, бұның да киелі мағынасы бар. Сенім бойынша осының арқасында адамға бағытталған зұлымдық өзінің иесіне қайта оралады.

Топтама Хамса
МатериалыӘйнекке көркемсурет басудың бірегей технологиясы, күміспе көмкерілген, Swarovski кристалдармен безендірілген.
Өлшемі600х900мм

Дүкендерде қолжетімділік

Ұсыныстар