СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ.
20 жыл бойы Қазақстанды әлемге танытудамыз

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 20 жыл бойы Қазақстанды әлемге танытудамыз

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Күз қабырға панносы

Артикул: HrvtCrm-GB022-513/KZ
34 900 ₸    Қоржынға

    • Ғашықтар жыры топтамасына кіретін Күз қабырға панносы.
    • Бұл топтама - қазақтың махаббат туралы әдемі эпостарын жаңа қырынан танытатын өнер туындысы. Ежелгі эпостардан шабыт алып салынған жастардың бейнелері халық аңыздарының кейіпкерлерін еске салады. Олар махаббаттың - адамзатты біріктіретін мәңгілік күш екенін жеткізеді. Нәзіктік пен жылылықтан өрілген образдар көрерменді өмірдің негізі ретінде махаббатты дәріптейтін поэзия әлеміне жетелейді.
    • "Ғашықтар жыры" паннолары Сізге шабыт беріп, интерьеріңізге жылылық пен махаббат атмосферасын сыйлайды. Төрт түрлі сюжеттен (Көктем, Жаз, Күз, Қыс), тұратын топтама махаббаттың уақытқа сай өзгеріп, түрленіп тұратын ғажайып қырларын әдемі суреттейді. Бұл қасиетті де көркем табиғаттағы жыл мезгілдерінің әсем ауысуына өте ұқсас.
    • Көктем - бұл жаңа бастама, өсу, ояну символы. Көктемнің алғашқы гүліндей махаббат жүректі елжіретіп оған әдемі нәзік сезімнің туындауына шабыт береді. Бұл мезгіл - жеңілдік пен балғын эмоциялардың уақыты.
    • Жаз - жарқын және қанық сезімдердің кезеңі. Жаз құштарлық, жылу мен сенімділік сыйлайды, бірақ кейде қарым-қатынасты сынайтын дауыл да болуы мүмкін. Одан әдемі өте білу де өнер.
    • Күз - кемел ой туындайтын уақыт. "Ғашықтар жыры" топтамасынддағы күз - махаббат тереңдеп, кейіпкерлер оның көпқырлылығын түсінетін сәт. Бұл сюжеттің жылы, алтын түсті реңдері ішкі үйлесімділік пен уақытпен келетін даналықты білдіреді.
    • Қыс - салқын, бірақ әсем мезгіл. Махаббат жүректерді жылытып қана қоймай,адамның нағыз тірегіне айналатын кез. Сенімділік - бұл кезеңнің басты белгісі.
    • Топтама суретші Юлия Исмамбетованың шығармалары негізінде, жоғары сапалы керамикадан жасалған және оған ерекше тереңдік пен көркемдік беретін нәзік алтын декольмен безендірілген.

Топтама Ғашықтар жыры
МатериалыКерамика, түрлі-түсті эмаль, алтын деколь, сәндік текстурамен әрленген айна.
Өлшемі430*430 мм.
ҚаптамаСыйлық қаптама.

Дүкендерде қолжетімділік