EMPIRE компаниясы мәдени мұраға қолдау аясында еліміздің рухани орталығы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне арналған "Түркістан жәдігерлері" топтамасынан "ЛАУХА" панносын ұсынады. Мұнда ортағасырлық сәулет өнерінің жауһары, XIV ғасырда салынған Кесененің бірегей жәдігерлерінің бірі - тудың басы - Лауханың шағын көшірмесі бейнеленген. Деректер бойынша бұл туды Әмір Темір қасиетті кесенеге арнайы жасатқан көрінеді. Әдетте ту (байрақ) жоғарғы биліктің нышаны саналады. Дегенмен, ерекше каллиграфиямен көркемделіп,
діни мазмұндағы жазулардың арқасында бұл Лауха Қожа Ахмет Яссауидің халық арасындағы рухани, діни басшылығын дәріптейді. Жәдігерді мейілінше толық зерттеу мен шеберлердің аса ұқыпты еңбегінің арқасында бірегей бұл бұйымның барлық детальдары мен жазулары толық көрсетілген.