EMPIRE компаниясы еліміздің рухани орталығы саналатын Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне арналған "Түркістан жәдігерлері" топтамасынан "Халка" қабырғалық панносын ұсынады. Қасиетті кесененің қақпа-есігі мен оның қола тоқпақшаларының шағын көшірмесін жасап шығару барысында арнайы зерттеу жұмыстары ұйымдастырылды. Жәдігерді мейілінше толық зерттеу, дизайнерлер мен өндіріс шеберлерінің аса ұқыпты еңбегі бірегей бұл бұйымның детальдарын дәлме-дәл көрсетуге мүмкіндік берді. Әсіресе, ондағы жазулардың айна-қатесіз қайталануына аса мән берілді, себебі ол сөздер осы табалдырықты аттаған әрбір мұсылман үшін рухани байлыққа апарар алғашқы есік екенін сипаттайды.