"Алтын адамның" бас киімнің әшекей бөлігінің көшірмесі. Есік қорғаны, Жетісу (б.з.д. V-ІV ғғ.).
Скиф-сақ мәдениетінің бірегей археологиялық қазбалары - Есік қорымында табылған "Алтын адам" костюмінің сәндік алтын бөліктері - топтама жасауға негіз болды. Ежелгі шеберлер зер соққан жануарлардың бейнелерінде қанықтық пен бөлшектердің бірегейлігі басым, жануарлардың пластикасында ерекше энергетика мен жасампаз мақсаткерлік сезінеді. Дәл мұндай өнерді мәңгілік өнер дейді. Таңғажайып панно сериясында ұсынылған ежелгі шеберлердің "аң мәнеріндегі" үздік өнер үлгілері кез келген интерьердің сәнін ашары анық.