Топтаманы жасауға суретші Ералы Оспанұлының халқымыздың тұрмыстық философиясы мен салт-дәстүрін сипаттайтын танымал туындылары негіз болды.
"Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра" дейді халқымыз. Аңыз бойынша, ертеде бір дана қария өмірінің соңында өзінің өмірде көрген-терген бар білімін әуенге салып, ағаштан жасаған аспаптың тесігінен ішіне құйған
көрінеді. Бұл баға жетпес мұраны сақтап калу үшін, адамдар домбыраның мойынын тоғыз жерден жіппен байлап тастайды. Сонан соң екі ішек тартып, құлағынан байлаған екен. Сол мезеттен бастап домбырада тартылған әрбір күй
қарияның даналығынан сыр шертеді.