Панно танымал қазақ суретшісі Ералы Оспанұлының туындысы негізінде жасалған.
Осы бір нәзіктікке толы суреттен көрермен баланы, оның бас киімін, арқасын және баласын ұстап тұрған әкенің қолын көреді. Қолға зер салып қарап көріңізші. Онда қанша махаббат пен қамқорлық жатыр десеңші! Баланың бақытты күлкісі бұған дәлел. Әкесінің құшағында ол сенімді қорғаныста, еркін әрі бейғам өмір сүре алады.
Бұл суретке суретші ұлы қасиетті ұғымды сыйдырған - әкенің қамқор құшағында балалар халықтың мыңдаған жылдардан келе жатқан тарихының мұрагеріне айналып, ата-бабасының ізін жалғастырады. Панноға қарап отырып әкесінің құшағында шек жоқ шығар деген ойға кетесің. Және әкесінің құшағынан асқан тыныш әрі қауіпсіз жер жоқ сияқты болып көрінеді.
Панно әкеге деген махаббат пен алғысты білдіретін символдық сыйлық болмақ.