СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ.
2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Қорқыт ата панносы

Артикул: KA-568/KZ
74 900 ₸    Қоржынға KASPI

Белгілі қазақ суретшісі Ералы Оспанұлының туындысы осы панноның дүниеге келуіне негіз болды, ол мұнда барлық түркі халықтары үшін аты аңызға айналған ұлы ойшыл-философ, ақын-дастаншы және композитор Қорқыт Атаның суретін бейнеледі. Ол жас күнінен адам өмірінің қысқалығына төзе алмай, хақ өлімге қарсы күресті. Мәңгі өмір мен адамдар үшін жақұтқа айналған жерді іздеп, туған жерінен шалғайға кетті. Бірақ, саяхаттай жүріп, барлық жерде өлім мен қайғы-қасіретті көре берді. Жаны арпалысқа түскен Қорқыт ағаштан алғашқы қобызын ойып алып, оған ішек тартып, ойнай жөнелгенде, қобыздан мұңлы ойлар мен толыссыз сезімдер құйыла кеткен. Музыкаға ол бүкіл жанын салды, қобыздың қос ішегінен құйылған үнді бүкіл әлем естіді, адам біткеннің бәрін өзіне ғашық етті. Сол уақыттан бері Қоркыт Атаның әуені жер шарын аралап, қобыздың ішегіне және адамдардың жүрегінде мәңгілікке қалды. Халық эпосы "Оғыз намеде" осылай жазылған. Қазақ мәдениетінде Қоркыт Ата халықтардың басын біріктіруге ықпал еткен кемеңгер, қоғам қайраткері, түркі дүниетанымының негізін қалаған ойшыл, әлемдік деңгейдегі философ -гуманист, музыканттардың қамқоршысы. Бізге осындай атақты әрі аты аңызға айналған адамдар ұнайды. Бедерлі-көлемдік суреттің арқасында Қорқыт Ата паннодан үй-жайдың ішіне еніп кететін сияқты болып көрінеді. Осы кезде сіз қобыздың қоңыр үнін естіп, адамдар ғана емес, жануарлар да бас иген ақынды алдарыңызда көргендей боласыздар. Бұндай панно үйдің ішін ғана емес, кез келген шығармашыл адамның офисін де сәндей түседі. Суреттегі Қоркыт Ата шабыт, мейірім мен құрмет сыйлайды.

Топтама Халық рухы
Материалыполистоун, қолмен боялған, киізге басылған сурет.
Өлшемі500х500 мм. Суреттің диаметрі: 200 мм.

Дүкендерде қолжетімділік