Панно белгілі қазақ суретшісі, этнограф Ералы Оспанұлының туындысының желісі бойынша жасалған.
Бұл еңбегінде суретші қазақ халқының тарихи өткеніне көз салады. Қасиетті құрылтайда халықтың аса қадірлі өкілдері - ақсақалдар, билер, батырлар мен ақын-жыраулар, үш жүздің ру басшылары жаңадан сайланған ханды ақ киізге көтеріп, ата-баба заңдарын жаңғыртып, жаңартатын.
Суретші өз шығармасында осы маңызды сәтті көрсетіп, Билеушінің мемлекеттік ақыл-ойы, қадір-қасиеті мен ұлылығын; оның төлеңгіттерінің қайсарлығын, батырлардың күш-қуатын, билердің парасаттылығы мен ақындардың рухани күш-қуатын сипаттайды. Нәтижесінде қазақ қоғамының біртұтас толық бейнесі - даналықтың, ерліктің, Отанға деген сүйіспеншіліктің қорытпасын сомдайды.