СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ.
2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Берекелі шаңырақ панносы

Артикул: BFCV-J07028-201B/KZ
89 900 ₸    Қоржынға KASPI

    Топтама: Благословенная семья
    Материалы: Полистоун, қолмен боялған.
    Өлшемі: 500х600 мм.

    Көне дәуірлерден бері қазақ мәдениетінде отбасы, шаңырақ берекесі секілді қастерлі ұғымдар басты құндылық саналады. Жас жұбайлар шаңырақ көтерген шағында киелі отаудың беріктігі мен баяндылығына тілек қосып, отбасылық ғұмыры мағыналы болсын деп бата береді. Танымал қазақ суретшісі - Ағымсалы Дүзелханов өзінің бұл картинасында отбасылық игіліктің басты нышандарын шебер суреттейді. Туындыдағы шұғылалы шаңырақ - атадан балаға мирас болып келе жатқан игі дәстүрді, қыран бүркіт - заңғар Көктің күш-құдіретін, безендірілген киіз үй бөліктері - отауды бәле-жаладан қорғайтын ұлттық киені ұғындырады. Ал ер мен әйел белбеуіндегі ою-өрнек молшылық мен кеңшілік заманнан хабар береді. "Берекелі шаңырақ" панносы сіздің ерекше ықыласыңызды айғақтап, "әулетіңіз өсіп-өнсін" деген тілегіңізді толықтырады.