СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 20 жыл бойы Қазақстанды әлемге танытудамыз

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Nauryz шай жиынтығы

Артикул: NRZ_TeaSet
89 900 ₸    Қоржынға KASPI

    • Nauryz топтамасы - жаңару мен қуаныштың, жаңғырудың белгісі, Ұлы көктем мерекесінің шынайы рухы.
    • Наурыз - табиғат оянып, адамдар жаңа жылдың басталуын, жаңа көкжиектердің ашылуын тойлайтын көктемгі күн мен түн теңелуінің көне мерекесі.
    • Қазақ халқы Наурыз мерекесі кезінде бір-бірін құттықтағанда: ырыс берекесі мол жыл болсын деген тілектерін "Ақ мол болсын!" деп айтатын. Қазақ мәдениетінде ақ түс - молшылық пен жақсылықтың нышаны. Бұл қазақ дастарханының көркін келтіретін сүт тағамдарының түсі. Мереке кезінде ақ дастархан жайылып, келіннің басына ақ орамал тартылған.
    • Реңкі аппақ фарфор - дәстүрлі құттықтаудың заманауи көрінісі секілді.
    • Бұл топтама дизайнына негіз болған қазақтың дәстүрлі құрақ құрау өнері. Құрақтың әрбір бөлігі табиғат пен заманауи формалардың бірлігін бейнелейтін, өсімдік және геометриялық өрнектердің үйлесімді симбиозымен безендірілген.
    • NAURYZ жинағының нағыз маржаны - Бақыт Қайырбековтің "Мәңгілік ғұмыр сусыны. Қазақи шайқұмарлық" кітабы. Бұл туынды қазақтың шай ішу дәстүрі мен көшпенді дүниетанымының терең философиясына жетелейтін нәзік әдеби көпір іспетті.
    • Автор қонақжайлық мәдениетін, шайға қатысты әдет-ғұрыптардың астарлы мәнін аша отырып, оны көктемгі жаңару рухымен шебер үйлестіреді. Кітап шай ішу сәтіне айрықша мағына дарытып, оны молшылық пен рухани үйлесімге толы қасиетті ғұрып деңгейіне көтереді.
    • NAURYZ шай жиынтығы - үйіңізге көктемнің нәзік лебі мен Наурыздың береке мен шаттыққа толы рухын сыйлайды. Жиынтыққа: Бақыт Қайырбековтың "Мәңгілік ғұмыр сусыны. Қазақи шайқұмарлық" кітабы, екі адамға арналған шай жұбы, шай сақтайтын сауыт және кәмпит салатын ыдыс кіреді

Топтама NAURYZ
МатериалыPremium Porcelain кәрлені, алтын деколь, табиғи минералды бояулар.
ӨлшеміСауыт: диаметрі 11 см, биіктігі 17 см. кәмпит ыдысы: диаметрі 10 мм, биіктігі 6 см. Кітап: 250*250*25 мм.
ҚаптамаСыйлық қаптама.

Дүкендерде қолжетімділік

Топтама

NAURYZ

NAURYZ топтамасы үйге шаттық, жылулық және көктем мерекесінің жайдарлы көңіл-күйін сыйлайды.

Посмотреть