СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ.
2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 2006 жылдан бері Қазақстанның визит карточкасы

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Қонақжайлылық шай жинағы

Артикул: TS-BubHspt6
99 920 ₸    124 900 ₸ Қоржынға KASPI

"Қазақтар – нағыз шайқұмар халық, шайды өте көп ішеді. Ең кедей отбасы айына екі фунт қант салып, екі фунтқа дейін (800 грамм) шай ішеді. Ал дәулетті отбасылар – сегіз фунтқа (3 кг) дейін ішеді" (1894 жылғы Торғай газеті). Шайды соншалықты көп көлемді тұтынуына қарамастан қазақтар оны кішігірім кесемен ішкенді ұнатады. Кесеге шайды жиегіне дейін толтырып құюға болмайды, оның ішінде небәрі бір-екі жұтым шай болуы тиіс. Қонақтың үй иесіне жиі кесесін созып, шай сұрауы оның осы үйге деген құрметін білдіреді. Өз кезегінде, үй иелері де қонаққа құрмет көрсетіп, дастархан басында ұзағырақ отыруын сұраған. Шайды аса қою етіп демдемеген жөн, сонда сусынның түсі әдемі болады – қатты қою да емес, қатты ақ та емес. "Қонақжайлылық" кеселер жиынтығы дәл осы түстік реңде орындалған. Әрбір кесе жиынтығы алтын деколь мен толық түсті баспа технологиясын пайдалана отырып, жоғары сұрыпты Fine Bone China фарфорынан әзірленген, ал ашық түсті бай сыйлық қаптамасы сыйлықтың мәртебесін айшықтай түседі. "Қонажайлылық" кеселер жиынтығы – күнделікті тұрмыста міндетті түрде қажетке жарайтын өнер туындысы.

Топтама Қазақтар
МатериалыFine Bone China кәрлені, алтын деколь

Жиынтық құрамы
Кесе 17 см -6 дана. Тәрелке 17 см - 6 дана.

Дүкендерде қолжетімділік

Ұсыныстар