СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 20 жыл бойы Қазақстанды әлемге танытудамыз
+7 (771) 553 03 03
+7 (771) 993 93 03
EMPIRE УАҚЫТЫ
Қорқыт – ұлы философ, аңызшы-жырау, қобызшы. Қазақ философиясының тарихында Қорқыт ата ел бірлігіне атсалысқан кемеңгер, қоғамдық қайраткер, ойшыл-дана, түркі дүниетанымының негізін салушы, әлем мәдениетінде өз орнын алған гуманист-философ болып саналады. Аңыз бойынша Қорқыт жас кезінен-ақ адам өмірінің қысқалығына мойынсұна алмайды, сондықтан өлімге қарсы күресуге бел байлайды. Жауапсыз ойлар мазалап, мәңгілік өмір туралы арман жетелеген Қорқыт ағаштан шырғай – бірінші қобызды ойып алып, оған ішек тартып, жанын жегідей жеген ойлары мен сезімдерін күйге салып, шерін тарқатады. Жүректен шыққан әуен, таңғажайып дыбыстар дүниеге жайылып, адамдарды баурап алады. Содан бері Қорқыттың әуендері және оның жасаған қобызы жер бетін шарлап кетті, ал оның есімі қобыздың ішектері мен адамдардың жүрегінде мәңгілік орын тапты.
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam,