СЫЙЛЫҚТАР ИМПЕРИЯСЫ. 20 жыл бойы Қазақстанды әлемге танытудамыз

+7 (771) 553 03 03

+7 (771) 993 93 03

Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің қақпасының фрагменті панносы

Артикул: NF-HAY1-GE111-83104-B/KZ
126 000 ₸    Қоржынға KASPI

    • Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі - ортағасырлық сәулет өнерінің жауһары, XIV ғасырда Әмір Темірдің бұйрығымен салынған. Кесененің кіреберіс есігінің орта бөлігінде есікті қағуға арналған қола тоқпақшалар - "Халка" орналасқан. Онда жиектеле ойылып жазылған, алтынмен апталып, күміспен күптелген парсы, араб тіліндегі насхи қолтаңбасымен жазылған жазулар бар.
    • EMPIRE осынау жәдігердің шағын көшірмесін жасап шығару барысында арнайы зерттеу жұмыстары жүргізді. Жәдігерді мейілінше толық зерттеу, дизайнерлер мен өндіріс шеберлерінің аса ұқыпты еңбегі бірегей бұл бұйымның детальдарын дәлме-дәл көрсетуге мүмкіндік берді. Әсіресе, ондағы жазулардың айна-қатесіз қайталануына аса мән берілді, себебі ол сөздер осы табалдырықты аттаған әрбір жан үшін рухани байлыққа апарар алғашқы есік екенін сипаттайды.
    • Фондағы жазудың аудармасы: "Пайғамбар (с.ғ.с) айтты: Дүние уақыт, оны өзіңе бағындыра біл"

Коллекция Реликвии Туркестана
Материал Полистоун, покрытие под золото и античную бронзу, цветная эмаль, ручная роспись.
Размер 490х620 мм
Упаковка Подарочная упаковка.

Наличие в магазинах